9.3. Кемсітудің үш дәрежесі
Әдетте экономистер кемсітудің үш дәрежесін ажыратады.
Бірінші дәрежедегі кемсіту келесі жағдайда орын алады: сатушы сұраныс қисық сызығының қай жерінде оның әр сатып алушысы орналасқанын және оның қай бағаны ұсынғанда сатып алуға дайын екенін анықтай алады. Жаңа автомобильді сатып алған тұтынушы әдетте сатушымен баға туралы келіскенше саудаласады. Егер дилердің ақылы әр адамның белгілі бағада сатып алатын дайындығын біле алса, ол максимал сомаға келісім жасар еді (әрине, басқа дилер одан да төмен баға ұсынбаса).
Екінші дәрежедегі кемсіту қызмет көрсету топтамасы үшін әр түрлі баға тағайындайды. Мысалы, тұрмыс қызметіне баға қойылуы: электр қуатын болмашы пайдаланғаны үшін ең жоғары бағаны тағайындауы мүмкін, бірақ белгілі уақыт ішінде пайдалану көлемі өскен сайын баға төмендейді. Бұл екінші дәрежедегі кемсітуді іске асыру үшін фирма тұтынушыларға көрсететін қызметін өлшеуі қажет.
Үшінші дәрежедегі кемсіту ең жиі кездеседі. Бұл жағдайда монополист тұтынушыларды әр түрлі нарықтарға бөліп, әрқайсысында өз бағасын тағайындайды. Нарықты осылай сегменттеуге географиялық орналасуы, адамның жасы, жынысы, тауарды пайдалану немесе табысы негіз болады.
Бағалық кемсіту туралы кейбір мысалдар:
1. Дәрігердің кіріп-шығуы емделушінің табысына қарай төленеді.
2. Экспортқа жіберілетін тауардың бағасы ішкі нарықта сатылатын тауармен салыстырғанда төмен болады.
3. Театрда, кинотеатрда және стадиондарда, автобустарда зейнеткерлер, балалар ересектерге қарағанда аз төлейді.
4. Университеттерде студенттердің кейбір категориясына оқу ақысы төмен болып келеді. 5. Тұрмыс шаруашылығы желісінде (электр, газ, телефон) әдетте ұйымдарға жай азаматтарға қарағанда жоғары төлемдер тағайындалады.
Жаңа технологиялар бағалық кемсітудің кең тарауына жаңа мүмкіншіліктерді тудырып отыр, оны келесі мысалдардан көруге болады:
- адамдар веб-сайтта «күйіп бара жатқан» әуе, пойыз билеттерін арзан сатып алады;
- каталог, электрондық сауда жүргізу арқасында компаниялар әр адрес бойынша әр түрлі бағамен тауарларды сатады.
Тауар мен қызмет қай мезгілде тұтынылатына сәйкес әр түрлі баға тағайындалуы мүмкін:
- таңғы және кешкі спектакльдің билеттері әр түрлі ьағамен сатылады;
- демалыс күндері театрлар бағаны жоғарлатады;
- телефонмен кешкісін сөйлескен арзанға түседі;
- қонақ үйлері демалыс күндері тұрғаны үшін төлемді азайтады.
Осы мысалдар бағалық кемсітуді сипаттайды деген пікірге қарсы келетіндер бар. Шынында, демалыс күні театр билеттеріне сұраныс өседі, алұсыныс қисық сызығы тік түрінде қалады. Баға сұраныс өзгеруіне қарай өзгеріп тұрады. Сонда бұл бағалық кемсітуді көрсетеді деген өте талас мәселе.
Ассортиментті мәжбүрлеп тықпалау: бағалық кемсітудің ықтимал жалғасы. Ассортиментті мәжбүрлеп тықпалау тауарды сатып алушы тағы ілеспелі тауарды сатушыдан сатып алуға тиісті болады. Компания негізгі тауарға ұқсас тағайындауы мүмкін. Алайда, негізгі тауарды сатып алу деңгейі оған деген сұранысқа қарай өзгеше болуы мүмкін. Бұл «сұраныс санын» ілеспелі тауар есебінен «теңестіруге» болады: негізгі тауарды қарқынды пайдаланатын сатып алушылар ілеспелі тауарды көбірек пайдалануға тура келеді. Сонымен, сатушы негізгі тауарға қисынды баға тағайындап, арзан ілеспелі тауардың есебінен монополиялық пайда алады.
Достарыңызбен бөлісу: |