Басқару психологиясы 9 апта Салихат Г. Б. Мпип-11 моөЖ тақырыбы: Қызметкерлермен жұмыс кезіндегі жетекші қызметтері Мақсаты


Әлеуметтік перцепциясының қызметтері



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі24,02 Kb.
#129125
1   2   3
Әлеуметтік перцепциясының қызметтері:
-Өзін-өзі тану;
-Одақтасу серігін тану;
-Түсіну негізінде өзара іс-әрекет ұйымдастыру;
-Эмоциялық қарым-қатынас орнату;
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері:
-Идентификация
-Эмпатия
-Аттракция
-Рефлексия
Идентификация-өзгенің орнына өзін қойып,оның ішкі дүниесін түсіну,тану тәсілі,өзін өзгеге ұқсату: Эмпатия-эмоцияны түсінуі,өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу,өзгенің ішінді не болып жатқанын,оның не сезіп тұрғанын,дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу: Аттракция-өзгені танып білудің ерекше түрі,ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сөзіне қалыптасуға негізделген; Әлеуметтік рефлексия-қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі.
Психодиагностикада тұлғааралық қатынас және қарымқатынас мәсе-лесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қам-тиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды. Сондықтан қазіргі психологияда тұлғааралық қатынас сипатын бағалауға бағытталған психодиагностикалық құралдардың көптеген түрлері бар.
Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйе-сіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін:
а) обьект негізінде (топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың
процестері, диадалық қатынастардың диагностикасы);
б) зерттеу шешетін міндеттер негізінде (топтың ұйымшылдығын,
сәйкестігін және т.б. анықтау);
в) қолданылған әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері негізінде (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия және т.б.);
г) тұлғааралық қатынасты диагностикалаудың бастапқы есептеуі негізінде (субьективті қалаулар әдістемесі, қарымқатынасқа қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау әдістемесі, тұлғааралық қатынастың субьек-тивті бейнеленуін зерттеу әдістемесі және т.б.) .
Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді. Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады. Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында төмендегі ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық әдістің тесттерімен қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен нақты зерттеулер жүргізу барысындағы әңгіме мазмұны арасындағы ерекшеліктер. Осыған ұқсас мысалдарды псиодиагностиканың кез-келген әдісіне келтіруге болады. Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің интерпритациясы психодиагностикалық процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады:
- зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі;
- салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т.б.) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі;
- психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;
- мұндай анализдің нәтижелерін интеррипретациялық мүмкін болатын нұсқаларын талдау;
Психодиагностикалық зерттеу әрекеттері нақты зерттеушілердің индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға және бағалауды қажет ететін психодиагностикалық әрекеттер мен олардың үйлесімінен тұрады. Бұл ерекшеліктер мен ақырғы мақсатқа байланысты алуан түрлі психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін.
Әрбір маманның алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақи-қаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А.А. Бодалев және В.В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызбабойынша). Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагнос-тикалау әдістерін таңдауда көрінеді.
Ал тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесіне тоқталатын болсақ,мұнда әлеуметтік психологиядағы эмоционалды қатынас заңдылық-тарының әсеріне негізделген соның ішінде, вербальды емес мінез-құлық, поралингвистикалық параметрлердің әдістемелік тәсілдері жатады.
Бұл әдістемелердің қатарына адам мінез-құлқының прокимикалық заңдылықтарына негізделген ең танымал әдістер кіреді. Мұндағы негізгісі адамның кеңістіктегі орны өзгелермен тұлғааралық қатынасына байланысты болады, арақашықтықта болатын жағдайда таңдалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет