Басқару психологиясы 9 апта Салихат Г. Б. Мпип-11 моөЖ тақырыбы: Қызметкерлермен жұмыс кезіндегі жетекші қызметтері Мақсаты



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі24,02 Kb.
#129125
  1   2   3
Байланысты:
9 апта Баскару психологиясы СРМП


Басқару психологиясы 9 апта Салихат Г. Б. МПип-11
МОӨЖ тақырыбы: Қызметкерлермен жұмыс кезіндегі жетекші қызметтері
Мақсаты: Тақырып жөнінде білімдерін тексеру және бекіту
МОӨЖ мазмұны:

  1. Жетекші қызметтеріне жалпы сипаттама

  2. Атқарушы іс-әрекеттері

Жетекшінің іс-әрекетіндегі кадрлық қызметтердің рөлін түсіну үшін төмендегідей бастапқы ережелер тұжырымдалған:



  1. Жетекшінің іс-әрекетіндегі кадрлық қызметтер жүйесі әкімшілік қызметтер жүйесіне қарағанда, басқа көрсеткіш бойынша өлшенеді. Кадрлық қызметтер екінші, негізгі – басқару іс-әрекетінің «өлшенуіне» сәйкес келеді және адамдарға әсер етуге байланысты болады.

  2. Кадрлық қызметтер ұйымның нақты ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде тәуелді емес және өзіне жетекшінің тұрақты мәселелері мен міндеттерінің (кадрлар таңдау, маманды орналастыру, кәсіби бағдарлану, бейімделу, дайындау мен қайта дайындау, кадрларды бағалау мен аттестациялау, қысқарту, жұмыстан шығару, т.б.) инварианттық жиынтығын қосады. Мұндай тәуелсіз кадрлық қызметтер жүйесіне оны басқару қызметтерінің дербес жүйесі ретінде қарауға мүмкіндік беруші тұрақтылық береді.

  3. Кез келген кадрлық қызметті жүзеге асыру «тұтастай басқару циклі ережесіне» бағынады. Мысалы, штатты жинақтау мақсат қоюдан басталады. Сонан кейін маман серпінін болжаудан тұратын мақсатты іске асыру жұмысы жоспарланады. Бұл мәселені шешу атқаруды ұйымдастыру қызметімен де байланысқан, өйткені таңдаудың өзі жасалатын құрылым туралы ұғымға байланысты жүргізіледі.

  4. Кадрларды жинақтау мотивацияны туғызуға және ұйымның коммуникативтік кеңістігін қамтамасыз ететін сала болып табылады. Аяқтаушы кезең – жинақтау нәтижелерін бақылау. Басқа кадрлық мәселелерді шешу де осы сценарий бойынша жүргізіледі.

  5. Барлық кадрлық мәселелердің шешімі жетекшінің кадрлық қызметтеріне сәйкес емес. Кадрлық жұмыс көлемі өте ауқымды, оны іске асырумен мамандандырылған бөлімшелер айналысады, оның іс-әрекетін қарастыру жетекшінің іс-әрекеті шеңберінен тым асып кетеді. Жетекші өзінің кадрлық қызметтер мазмұнын құрайтын үйлестіруші әсерді жүзеге асырады. Ұйымдастыру жұмысындағы кадрлық қызметтердің ерекшелігі мен айрықша рөлі қазіргі кезде олардың жүйесі басқару теориясы мен тәжірибесінің дербес бағыты – кадрлық менеджменттің рәсімделуіне алып келді.

Жетекші ұйымдағы кадрлық жұмыстармен қатар, өзге де басқару қызметін орындайды: тәрбиелік, тәртіптік, арбитраждық, психотерапиялық, сараптық-кеңестік. Бұл қызметті басқарудың басқа, әсіресе кадрлық қызметтерінен бөлу қиын. Бұл тұрғыда тәрбиелеу қызметі өте танымды. Оны тар және кең мәнде қарастыруға болады. Жетекші тәрбиелік әсерді әңгіме, нұсқау, т.с.с. формасында көрсете алады. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиелік қызметті тікелей емес, жетекшінің кәсіби біліктілігінің, ұйымдағы іс жүргізу стилінің жеке үлгісі арқылы іске асыру әлдеқайда үлкен ықпал етеді.


Тәрбиелеу мәселелерін шешу үшін ұйымда белгілі бір әлеуметтік-психологиялық орта туғызу керек. Бұл кезде екі негізгі талап: біртұтас мораль принципі және сөз бен істің бірлестік принципі сақталуы қажет. Бұл қызмет іргелі психологиялық заңға негізделеді: адам әлеуметтік мінез-құлыққа бақылау және мәнді адамдардың мінез-құлық эталондарын игеру арқылы оқиды. Олардың қатарына ең алдымен жетекші кіреді. Идентификация механизмі ықпалымен қарамағындағылар жетекшінің мінезін, стилін, мәнерін көшіріп алады. Оларға жетекші басымдық береді (көбінесе ойланбастан). Сонымен жетекші тұлғасы тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға ғана емес, сондай-ақ кадрлар таңдау қызметіне де ықпал етеді.
Жетекшінің арбитраждық қызметі ұйымдағы дағдарыс пен еңбек дауларын шешуден көрінеді. Оны іске асыру әртүрлі формаларда жүреді, бірақ оның үш стратегиясы басты болып табылады:
1. Қақтығысты шешудің директивтік стилі.
2. Арбитраждың медиаторлық моделі. Жетекші керісуші тараптардың арасында араағайын болады.
3. Компромистік модель. Формасы бойынша – бұл жетекшінің бұйрығы, ал мазмұны бойынша арбитраждық іс-әрекет керісуші жақтардың мүдделерін толық есепке алу мүмкіндігін және оларға қатысты арбитраждық санкциялардың салмақтылығын білдіреді.
Жетекшінің психотерапиялық қызметінің мәні – ұжымдағы психологиялық жайлылық (комфорт) жағдайын туғызуда. Қызметкерлердегі қауіпсіздік сезімі, ертеңгі күні үшін күдіктің болмауы, жетекшінің қолдауына деген сенім, қиын сәттердегі әріптестерінің қолдауы соның негізгі элементтері болып табылады. Жетекшінің тұлға сапаларының осы қызметтерді жүзеге асыруға ықпал ететін белгілі бір симптомдық кешен бар: өзіне деген сенімділік, қарапайымдылық пен ізеттілік, әзілді түсіну, қол астындағыларға шынайы қарау – адамға бағдарлану. Тәртіптік қызмет жазалаушы шаралармен ғана шектелмеуге тиіс, ол әлдеқайда жалпы мәселені – атқаруды тұтастай тиімді ұйымдастыру мен оны түзетуді орындауы керек.
Сараптық-кеңестік қызмет үш негізгі аспектіден тұрады:
1. Жетекші іс-әрекетінде «кәсіби біліктілік» ұғымымен белгіленетін қорытылған басқару сапасының әлеуетін іске асыру.
2. Бұл қызметтің рөлі – өкілеттік беру, жұмыстарды ұйым ішінде тарату мәселелерін шешу.
3. Жетекшінің атқарушыларға өндірістік қызметін жүзеге асыруына арналған әңгімелер, кеңестер өткізуі. Осы аспектілермен қатар, сараптық-кеңестік қызметінің басқа да формалары бар.
Өндірістік-технологиялық қызметтер. Ұйымның іс-әрекеті сипаты бойынша алуан түрлі нақты бір өнім өндіруге бағытталады. Оны жасау іс-әрекетінің мазмұны да алуан түрлі. Бұлар өндірістік, білім беру, сервистік, құрылыстық, медициналық ұйымдар. Дегенмен әрбір ұйымда өзінің маңызды компоненті ретіндегі операциялық жүйе бар. Ол тікелей өндіріске, сыртқы орта үшін құндылыққа ие қорытынды өнім жасауға бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Басқару қызметтері және ұйым іс-әрекетінің басқа аспектілері операциялық шағын жүйелерді – тауар өндірісін, қызметтерді, білімді, т.б. қамтамасыз ету мәселелеріне қызмет етеді. Оны үйлестіру – басқарудың тікелей тәжірибесінің әр күн сайынғы мазмұны. Кез келген өндіріс үшін оның дамуы мен модификациялық қызмет осы топқа жатады. Кез келген өндіріс өнімді өткізуден ажырамайды, сондықтан осыған байланысты маркетингтік қызмет қарастырылады. Өндірістік-технологиялық қызметтер әкімшілік және кадрлық қызметтерге, басқару іс-әрекетінің құрылымын әрі қарай күрделендіре отырып, тәжірибелік бағытталу береді. Жетекші үшін олар өзінің іс-әрекетінің тікелей мазмұны ретінде болады. Басқару теориясында қызметтердің бұл жүйесіне «классикалық», яғни әкімшілік, ұйымдастырушылық және кадрлық қызметтерге қарағанда, зейін кемірек аударылады. Бұл өндірістік қызметтер басқарудың жалпы заңдылықтарына қарағанда, ұйым іс-әрекетінің нақты мазмұнымен көбірек анықталатындығымен түсіндіріледі. Оның үстіне, осы қызметтер жүйесін іске асыруда оның негізгі ұйымдастырушылық принциптері мен психологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар жалпы аспектілер бар. Олардың ең бастысы – ұсынылымдық шамасы. Жетекші іс-әрекетіндегі өндірістік қызметтер жүйесі оның ұйымдағы иерархиялық жағдайына өте тәуелді. Қызметі неғұрлым жоғары болған сайын, жетекші өндірістік қызметтерді жүзеге асырумен соғұрлым аз айналысады. Өндірістік-технологиялық қызметтердің ұйымдастырушылық және психологиялық тұрғыдағы мәні өндірістің белгілі бір тізбекте қайталанатын, барынша стандартталған өндірістік циклдардан тұратынында. Олар жедел реттеуді қажет етеді, сондықтан оның әрқайсысына қатысты толық басқару циклі жүзеге асырылады. Бұл – мақсатты тұжырымдау, мақсатты іске асыру тәсілдері туралы шешімдерді жоспарлау, қабылдау, атқарудың мотивациясын, оның ұйымдастырылуын, бақылауын және түзетілуін қамтамасыз ету. Негізгі заңдылық өндірістік цикл ауқымына қарамастан, әрқашан сақталады. Бірақ басқару қызметтерінің барлығы уақыттың макроинтервалдарында жүзеге аспайды және басқаруды ұйымдастыруға тұтастай қатынаспайды, нақты өндірістік мәселемен шектелген уақыттың микроинтервалдарында іске асырылады. Сондықтан өндірістік қызметтер басқарудың толық түрде емес, қысқартыла берілген, басқа қызметтермен өндірістік мәселелердің өзін шешу үшін қаншалықты қажеттілікте интеграцияланатындай кешенді болып табылады. Өндірістік қызметтерде олардың күрделілігі мен қарама-қайшылығын анықтайтын тағы да бір маңызды сипат бар: олар теріс сипаттағы және нормативтік іс-әрекетті қиындататын, үнемі өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі жағдайларда іске асады. Жағдайлардың тұрақтылығы мен өзгерімділігінің, нормативтер мен нақты мәселелердің қарама-қайшылықтағы сабақтастығы түзіледі. Жедел басқарудың мазмұны осы қарама-қайшылықтың алынуын және өндіріс мақсаттары мен міндеттерін өзгеруші шарттарға сәйкес келтірілуін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет