Басқару психологиясы 10 апта Салихат Г. Б. МПип-11 МОӨЖ тақырыбы: Әлеуметтік перцепция
Мақсаты: Әлеуметтік перцепция түсінігін, оның функциялары мен механизмдері туралы білімдерін анықтау және бекіту
МОӨЖ мазмұны: Әлеуметтік перцепция туралы түсінік
Әлеуметтік перцепция функциялары
Адамды адамның қабылдауы мен түсіну механизмдері
Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы отан қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуіне байланысты. Адамдар бірін-бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, ортақтасу барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы ортақтасудың міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде ортақтасудың перцепциялық жағы болып аталады. Әлеуметтік перцепция – қарым-қатынас үрдісінде бірін-бірі өзін-өзі тану мен түсіну.
Бақылаушы бақыланушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алдымен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін) және тәртібін (қимыл-қозғалысын) бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай ішкі қасиеттері туралы да тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақыланушыға белгілі көзқараста болады, оған деген ішкі эмоциялық қатынасын (ұнайды – ұнамайды) орнықтырады. Бақылаушы бақыланушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын-ала болжап, ол адамға қатысты өз іс-әрекетін белгілейді.
Әлеуметтік перцепция құрылымы – адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау, соның негізінде бақыланушының іс-әрекетін болжау. Назар алатын жәйт: сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкі дүниесін «оқып», түсінгендей боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс-әрекетімізді анықтаймыз. Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгеге эмоциялық баға беріледі, оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысымыз, тәртібін алдын-ала жоспарлаймыз, өз тәртібіміздің бағытын белгілейміз.