Бірінші дәрежедегі қорғаныстың спецификалық механизмдері Кез келген манипуляция мақсатының нысаны оппоненттің өзіндік жекелей құрылымдары
болып табылады, ал мақсатқа деген негізгі жол – осы құрылымдарды бөлшектеу. Е.Л.Доценконың
айтуы бойынша, өзгенің сөзі сана өзінікіндей болып кіру үшін осы санада өзгеге деген орын,
басқа дауыспен кездесуге деген дайындық және оны ести алушылық болуы керек деген. Бұл тек
өзге біру баяғыдан санасында болса, ол сырттан қабылтайтын объект емес сананың ішкі мазмұны
болған жағдайда ғана мүмкін.
Манипулятор өзінің одақтасын күшейтуге, оған қарсы келетін мотивтерді төмендетуге
тырысады. Конфликтіде ішкі субъектілер анғұрлым аз қатысқан сайын, адамға оның нәтижесін
бақылау соғұрлым жеңіл болады. жиі, манипулятор бір құрылымды оқшауландыру мақсатында
адресаттқа жүгіне отырып оның әлеуметтік немесе статустық рөлдерінің бірімен әңгіме жүргізеді.
Бұл былай мысалы, «түп егізінде сіз бастықсыз ғой, бұйырыңыз!». Мұндай жағдайда қорғанудың
жақсы тәсілі басқа рөлдік позицияларды еске түсіру. Мысалы, жауап: «иә, сонымен қатар мен
сауатты менеджермін, қатал, мейірімсіз басшы емес». – деп адамды ықпал етуден сақтайды.
Екінші дәрежедегі қорғаныстың спецификалық механизмдері Манипулятор адресаттың ішкі жан дүниесіне енуге, оның әлсіз түстарын табуға
үмтылғандықтан, адам барынша қорғануға, қандай да жолмен өзіне нұсқан келтірмеуіне
тырысады. Мұндай қарсылық өмірде жиі кезедседі және сөз арсында көрініс табады. Мысалы,
«жарама тұз сеппе, немесе жараның бетін тырнама», «мені жайыма қалтыр» деген сөздерді
көп естиміз, ол манипуляцияға таза кедергі болып табылады. Негізінен манипулятор мен адресат
арасындағы күрес автоматизмдерді бақылау үшін жүреді.
Бұл дәрежедегі адресат үшін маңызды міндет – манипуляторға автоматизм жұмысының
механизмын жүргізуіне мүмкіндік бермеу, өзін иелендірмеуге тырысу болып табылады.
Америкадық психолгтардың айтуы бойынша, адамда мыңдаған автоматикалық бағдарламалар
бар. Сондай бағдарламалардың бірі болып мысалы қолқысу табылады, егер бір адам қол ұсынша,
келесі адам автоматты түрде олда қолын береді. Ал егер ол қол бермесе не болады, онда ол
бағдарламан бұзады, екінші адам не жасарын білмей қалып, абыржулы күйде қалады.