«басқару психологиясы»



Pdf көрінісі
бет41/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

2. Басшылық ерекшелігі 
Психологтар бір адамды басшы етіп таңдаудағы басты кешенді ерекшелікке өзгеріске 
ұшырауға бейім қасиеттер саналып, ол әр уақытта басшының табиғатын анықтауға көмектеседі 
деп тұжырымдаған. Ондай айнымалылар: 
-
Басшының тұлғасы, оның шығу тегі, әлеуметтану үрдісі және алға жылжуы; 
-
Соңынан ерушілердің сипаты; 
-
Басшы мен соңынан ерушілердің қатынасы; 


-
Басшылық орын алатын контекст; 
-
Белгілі бір жағдайлардағы басшы мен бағынушының қатынасының нәтижесі. 
Басшының тұлғасы 
Басшының ерекшеліктерін зерттеуде оның тұлғасына баса назар аударылады. Басшылық 
жүйесіндегі тұлға менеджерлердің шын басшы болуына көмектесетін қасиеттер кешенін 
дамытуымен көрсетіледі. Осыған орай биліктің басты қасиеттері ретінде мыналар саналады: 

Басшының тұлғалық белгілері; 

Тұлғаның өзі туралы түсінігі; 

Тәртібіне әсер етуші қажеттіліктер мен алға ұмтылушылықтар; 

Маңызды сендірулер жүйесі; 

Шешім қабылдау үлгісі; 

Тұлғалар арасындағы қатынас үлгісі; 

Стресске төзімділік. 
Басшының тұлғалық белгілері 
Биліктің тұлғалық сапасын анықтауда зерттеушілерді осы ерекшелік назар аудартқызды. 
Басшының тұлғалық белгілері теориясы ағылшын антропологы Ф. Гальтонның зерттеулерінің 
әсерінен пайда болды. Ол тұлғалық белгілер мұрагерлік жолмен беріледі деп есептеген, бірақ ол 
белгілердің тізімін ол жасай алмады. 
Америкалық психолог К. Берд тұлғаның ерекше белгілерін көрсететін 79 белгіден тізім 
жасады,оның ішінде ынта,тіл табысушылық, әзілге бейімділік, энтуазизм, сенімділік, т.б. кірді, 
бірақ олардың ешқайсысы тұрақтылығын сақтай алмады. Белгілердің 65 % -бір рез, 16 – 20 % - екі 
рез, 4-5 % - үш рез , тек 5 ғана бес – алты рез аталып өткен. 
Соған қарамастан жақсы басшы болу үшін әділдік, білімділік, тың ойлаушылық, тәртіп, 
жауапкершілік, әлеуметтік белсенділік, т.б. қасиеттер жатады. 
Лев Гумилев басшының негізгі белгісі пассионарлық деп есептеген. Пассиионарлы 
адамдардың ортаны өзгертуге талпынысы өзін – өзі сақтау түйсігімен орындалады. 
Психологтар басшыларға тән пайымдаудың сипатты белгілерін бөліп көрсетеді: икемді – 
догматизм, өнімділік, жылдамдық және ойлауды талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет