«басқару психологиясы»


Эксперимент түрлері және эксперименталды топтарды іріктеу әдістері



Pdf көрінісі
бет4/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Эксперимент түрлері және эксперименталды топтарды іріктеу әдістері. 
Эксперименттер эксперименталды ситуациялардың сипаты мен гипотезаларды дәлелдеу 
логикасының құрылымы болып ерекшеленеді. 
Эксперименталды ситуациялар сипаты бойынша табиғи және лабораториялық болып 
бөлінеді. Табиғи экспериментте обьект (топ) өзінің қалыптасу шарттарда шынайы болады 
(мысалға, жұмыс уақытында, жаттығулар т.б.) Осы кезде топ мүшелері өздерінің экспериментке 
қатысып отырғаны туралы хабардар немесе хабарсыз болады. 
Лабораториялық экспериментте эксперименталды ситуация ретінде, эксперименталды 
топтар жасанды қалыптасады, сондықтан топ мүшелері жасанды, эксперимент жайлы хабардар 


болады. Көп жағдайда лабораториялық эксперименттер жабық кеңістіктерде жеке тәжірибе 
түрінде жүргізіледі. 
Табиғи және лабораториялық экспериментте, эксперимент жүргізу барысында қосымша 
ақпараттарды жинау әдісі ретінде сауалнама және бақылау қолданылуы мүмкін. Олардың 
нәтижесі зерттелушіге эксперимент барысында араласау керек пе немесе оның аяқталуына дейін 
бақылауды араластыру керек пе деген сұраққа негіз табуға мүмкіндік береді. 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.
Ахтаева Н.С. Басқару психологиясы: оқу құралы / Н.С. Ахтаева, А.И. Абдигапбарова, З.Н. 
Бекбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2018 – 452 б. 
2.
Умбиталиев А.Д. Басқару психологиясы: оқу құралы / А.Д. Умбиталиев, К.Б. 
Сатымбекова, Ғ.Е. Керімбек / Алматы: Экономика, 2017. – 464 б. 
3.
Алшынбаева Ж.Е. Басқару психологиясы: оқу құралы. – Қарағанды: ҚарТУ баспасы, 
2021. – 88 б. 
2-тақырып. Басқарудың психологиялық теориясы мен басқару мектептері 
 
Дәріс жоспары: 
1.
Менеджменттің теориясы мен практикасы. 
2.
Түрлі мемлекеттерде менеджменттің қалыптасу ерекшеліктері. 
3.
Психологиялық басқару теориясы. 
Менеджмент тарихы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтарға кетеді. Египетте басқару 
ғылымын құрап, жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау, басқарудың орталықтанған жүйесін 
қажет деп тапқан. Гректің ойшыл философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару 
менен құлиеленуші иеліктер туралы айтқан. 
Менеджмент теориясының пайда болуына 3 фактор себеп болған, атап айтқанда: дамудың 
экстенсивті жолы, бәсекелестікпен күрестің шиеленісуі және өндірістің ішкі құрылымының 
пайдалылығын көтерудегі белсенділік. Осыған орай ХХ ғасырда америка мен еуропа ғылымында 
менеджменттің іргетасы қаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет