«басқару психологиясы»


АҚШ-тағы «Ғылыми басқару» мектебі



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Басқару психологиясы лекция

АҚШ-тағы «Ғылыми басқару» мектебі. 
Америкалық инженер әрі менеджер Фредерик 
Уинслоу Тейлормен (1856-1915) жүргізілген зерттеу барысында ол «ғылыми менеджмент» 
(scientific management) немесе «ғылыми басқару» деген атқа ие қоғамдық қозғалыс туғызды. 
Тейлор еңбек шығынын тиімді есептеудің, өндірісті басқарудың жолдарын құрастырып, еңбек 


шығынына кететін уақыт нормасын статикалық талдау барысында анықтады. Ол еңбекті бөлу 
үрдісі кезінде менеджерге жоспарлау, ал жұмысшыға орындау мүмкіндіктерін берді. Ұйымның 
ғылыми өндірісінде Тейлор 3 ұстанымды ашып көрсетті: 
1.
Саралау қызметі ұстанымы, жеке жұмысшыларға берілген нұсқаулар тобы. 
Жұмысшыларға белгілі бір өндірістік тапсырманы орындаудың әдістері көрсетілген жазбаша 
нұсқаулар берілген. 
2.
Мамандану ұстанымы, әр адамның мүмкіндігі белгілі бір басты қызметті орындауға 
жұмсалуы тиіс. 
3.
Материалды 
қызығушылық 
ұстанымы,. 
Тейлордың 
жұмыстары 
материалды 
қызығушылықтар ұстанымына басты рөль беретін «экономикалық адам» концепциясының негізін 
қалады. Жұмысшы істеген жұмысына қарай жалақы алу тиіс деп пайымдады Тейлор. 
Тейлордың зерттеулерінің басты міндеті өндірістен алынатын өнімді оны кеңейту арқылы 
алу емес, керісінше еңбекті ынталандыру арқылы жетістіктерге жету. Ол ең алғаш рет «адами 
фактор» түсінігін енгізіп, өзінен кейінгі көптеген ғалымдардың жаңалықтар ашуына себепші 
болды. 
Тейлордың идеялары америкалық зерттеушілер Френк (1868-1924) және Лилиан (1878-1972) 
Джилберттердің зерттеулеріне себепші болды. Френк Джилберт Тейлорға қарағанда «адами 
фактор» теориясын толықтай зерттеді. Ол алғаш рет Америкада еңбекті ғылыми ұйымдастыру 
жүйесін енгізіп нұсқаушыларды дайындады. Ол мамандық таңдаудың да еңбек нәтижесіне әсер 
ететінін анықтап «өз орнындағы адам» ұғымын енгізді. Ал Френк Джилберттің әйелі Лиллиан ең 
алғашқы психология докторы атағына ие әйел адам және күйеуінің жұмысын жалғастырып еңбек 
үрдісіндегі психологияны зерттеп «Өндірісті басқару психологиясы» кітабын жазды. Жақсы 
басқару жүйесі жұмысшылардың профессионалды,ақылды жағын дамытуды ғана емес, олардың 
дені сау өмір үлгісіне талпынуды үйрету керек деп көрсетті. 
Белгілі ұйымдастырушы инженер Гаррингтон Эммерсон (1835-1931) жеке жұмысшылардың 
еңбек эффектісін көтерудің жолдарын ойлап тапты. Ол Тейлордың идеяларын өзінің жұмысына 
себепші болды деп есептейді. Ол алғаш рет өндірісті дамытудың «мақсатқа сай»жүйесін енгізіп, 
«Өнімділіктің он екі ұстанымы» кітабын жазып шықты. Автордың ойынша ең басты мақсат – 
шығынды болдырмау. 
Айтылған авторлардың және олардың ізбасарларының ( Л. Ален, Л. Льюлик, Дж. Муни, С. 
Томпсон) жұмыстары ХХ ғасырдағы ғылыми басқару алдыға жылжумен болды. 
Ғалымдардың «ғылыми басқару» мектебі жайындағы ойлары «менеджерлер революциясы» 
деген атқа ие идеологиялық концепцияны дүнеиеге әкелді. Бұл концепцияға сәйкес 
жұмысшылардың жаңа классы менеджерлер ескі класс капиталист – жекешелердің орнын басты. 
Тек 1960 жылдары «менеджмент – төңкеріс» аяқталып, орына «ғылыми – техникалық төңкеріс» 
келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет