«басқару психологиясы»


басқару психологиясының пәні



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата27.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
басқару психологиясының пәні 
болып менеджер іс-әрекетінің психологиялық 
негізі, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің 
психологиялық ерекшеліктер, адамның адамды қабылдауының механизмдері мен басқа 
адамдардың бір-біріне әсер ету механизмдерін, еңбек коллективінің қалыптасуының 
психологиялық ерекшеліктері мен олардың арасындағы тұлғааралық қатынастарды
басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен жалпы 
басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық факторлары жатады. 
Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің психологиялық 
басқарушылық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, жұмысшы тұлғасының басқаруды қолдану 
кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек 
коллективінің заңдылықтарының қызметі мен тұлғааралық қатынастарды қалыптастырады. 
Басқарушы басқарушылық процестің табиғатын түсіну керек, басқарудың тиімділін 
жоғарлату құралдарын білу керек, персоналды басқарудағы керекті бұқаралық ақпарат құралдары 
мен қатынас құралдарын білу керек, еңбек коллективінің психологиялық қалыптасу 
ерекшеліктерін, адамдармен жұмыс жасаған кезде әр түрлі жағдайлар мен шарттарда болатын 
басқарушылық шешімді қабылдау үшін білу қажет. 
Еңбек 
ұжымын 
қалыптастырудың 
психологиялық 
факторларына 
топтағы 
психофизиологиялық сәйкестік, тұлғааралық әсер ету феномені, еңбек мотивациясы, көрсетілетін 
шарттар, әлеуметтік – психологиялық климат және басқа да психологиялық құбылыстар жатады. 
Ал басқарушылық шешімді қабылдаудағы психологиялық факторларға шешім қабылдау процесі 
мен іс-әрекет нәтижесінің құру мақсатындағылар жатады. 
Басқару психологиясы тәжірибелік психологияның саласы ретінде менеджер мамандығы 
мен кәсіпқой басқарушылардың пайда болуымен біруақытта пайда болған. Басқа да 
психологияның салалары ретінде бұл салада, индустриалды дамушы қоғамның нақты әлеуметтік 
тапсырысына жауап ретінде туған. 
Басқару психологиясы қоғам дамуының белгілі бір этапында пайда болған, яғни бұл жерде 


еңбектің максималды нәтижесін алу ғана емес, сонымен қатар, еңбек процесі кезіндегі 
адамдардың өзіндік білдіру ерекшеліктерін, құндылықтарының шыңдалуын , еңбек нәтижесіне 
жетуін есепке алу керек. 
Осыған сәйкес, басқару психологиясының пәніне басқару жағдайы көзқарасымен 
адамдардың қарым-қатынас мәселесі мен өзара әрекеттері келесідей болып табылады: 
1.
Еңбек процесі кезіндегі тұлғаның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы. 
2.
Психологиялық 
тиімділік 
көзқарасымен 
басқарушылық 
іс-әрекет 
пен 
оның 
ұйымдастырылуы. 
3.
Еңбек ұжымындағы топтық процесі пен олардың реттелуі. 
Басқару процесі кезінде тұлға және оның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы маңызды ролді 
ойнайды. Бұл жерде минимум екі жағдай маңызды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет