Басқару психологиясынан глоссарий 1-Абстракция



бет6/6
Дата07.10.2022
өлшемі41,27 Kb.
#41817
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
басқару психологиясы глоссари

Агглютинация – алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.

  • Агрессия – адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.

  • Агрессивтік мінез-құлық – адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.

  • Аккомодация – көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.

  • Антропогенез – адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.

  • Антропология – адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.

  • Апатия – сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.

  • Апперцепция – адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.

  • Аралық ми – барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет