Барлық ретикулярлы тор каудальды немесе мезэнцефальды, немесе ростральды, немесе таламикалық бөлімдерге бөлінеді. Каудальды бөлім бас миының кең бөлімдері мен шекараларына әсер етудің диффузды, арнайы емес жүйесін анықтайды. Ретикулярлы тордың диффуздылығы (немесе арнайылығы) нервті- импульсті әсер модальділік сипатымен көрінеді. Сөйтіп, ретикулярлы тор- бұл бас миының барлық бөлімінің функциональды көрсетіп, жүйке жүйесінің барлық әрекет түрлеріне әсер ететін әмбебаб жүйе, яғни оны “ ми ішіндегі ми” деп қарастыруға болады.
Ретикулярлы тордың жүйке жүйесінің жұмысына әсер етудің формалардың көп түрлілігіне қарамастан ретикулярлы тордың әсер етуінің екі бағытын ажыратуға болады: ретикулоспинальды әсер және ретикулокортикальды әсер.
Ретикулоспинальды әсерді жеңілдету немесе тежеу сипатына ие болады және қарапайым және күрделі қозғалыстар координациясында, психикалық сфераның адамның күрделі қозғалысты әрекеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Ретикулокортикалық қарым- қатынас
Ретикулокортикалық қарым- қатынастар әртүрлі жоспарлы. Клиникалық тәжірибеден бас- ми бағанының белгілі бір бөлімдерінің зақымдалу кезінде қозғалыс белсенділігі кезегі бұзылуы, психикалық әрекет төмендеу, яғни қыртысты интеграция процестеріне белсенді әсер ету төмендеу болғаны белгілі. Ретикулярлы тордың белгілі бір бөлімдерін тітіркендіру үлкен жартышарлар қыртысының шекарасында белсенділік реакциясын шақырады. Бұл ақпараттар ретикулялы тордың диффузды, белсендіретін жүйе концепциясын қалыптастыруға ықпал етті. Ретикулярлы тордың үлкен жартышарлар қыртысына әсер ету негізінде ағзаның сенсорлы жүйелерінен афферентті импульсация, сонымен қатар гуморальды әсер ( норадреналин, тироксин, реттеуші пептидтер және басқа физиологиялық белсенді заттар, ретикулярлы тор нейрондарымен қатысты) жатыр.
Ұзақ уақыттар бойы қыртыстың ретикулярлы торға әсері зерттелмеген, бұл ретикулярлы тордың үлкен жартышарлардың қыртысына әсерін белгілеген. Сондықтан үлкен жартышарлардың ретикулярлы тордың нейрондарымен байланысы басты фактор болып келген.
Ретикулярлы тордың қызметі бұзылуы ең алдымен оның ядролары мен афферентті және эфферентті байланыстары әртүрлі деңгейде зақымдалу нәтижесінде қозғалыс бұзылу, ұйқы, сана бұзылыстары, вегетативті дисфункция болады.