Байланысты: Бас ару психологиясыны п ні ж не оны ма сат-міндеттері Бас ару
10. ХХ ғ. өндірістік күшінің даму тарихында «адам – өндіріс – орта – машина» мәселесі
Еңбек үдерісі қоршаған ортаның белгілі бір жаңдайында еңбешінің еңбек құралының пайдалану арқылы жүргізіледі. Оларды жиынтығы Адам-машина-өндірістік орта» қалыптастырады. Адам-машина жүйесіне еңбек ететін адам-оператор мен жұмыс орнында ол пайдаланылатын машина басқада еңбюек құралдары жатыды.
Оператордың жарақат алмай, науқасқа шалдықпай еңбек етуге қабілетін сақтауға осы айтылған жүйе тоқтаусыз, іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс. Алайда, өндірсітік жағдайында кездесетін әртүрлі себептерідің әсерінен « айталық, шаңның, шудың,дірілдің т.с.с» жүйеде кідірістер болып жатады. Бұдан басқа оператордың жұмыс қабілетіне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы, сондай – ақ ұжымдағы психологиялық жағдай, еңбек тәртібі, тағыда басқа факторларда әсер етеді.
Оператордың ағзасы қоршаған ортаға қалыптасқан жағдайға бірте-бірте бейімделеді де, нәтижесінде адам ағзасының кейбір жүйелері мен қоршаған ортаның факторлары арасында динамикалық тепе – теңдік қалыптасады. Егер оператор осы тепе – теңдіктің шеңберінен шығып кетсе, онда шаршағышытқ пайда болып, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.
Адам ағзасының еңбек жағдайынына бейімделу мүмкіндігінің шектелуі екендігі ескеріліп, оған тән факторлардың нормалары енгізілген. Бірдей жұмыстарды атқарып жатқан адамдардың барлығы бірдей энергия жұмсамайды. Өйткені, әр адамның еңбек қарқыны әр түрлі болады. Еңбек қарқыны дегеніміз - оның еңбек етуге ынтасының дәрежесі. Қарқынның қоғамға қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін адамның физиологиялық мүмкіндігі деңгейінде ой мен күш қабілетін толық пайдалану қажет. Еңбек қарқыны операцияны орындаудың сапасына әсер етеді, қателіктерді тудырады, тіпті оператордың «тоқтап қалуына» әкеліп соқтырады. Адам-машина-өндірістік орта жиынтығының бір бірімен байланысты эргономикамен айқындалады.
Эргономикаының негізгі заттың эргономикалық қасиеттері, эргономикалық талаптары мен көрсеткіштері болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс соңғы кезде өндірістік барлық салаларына жаңалық әкелуде. Атом энергиясы автоматтандыру мен электроника, полимерлер, химия мен микробиология, кибернетикамен ЭЕМ – осының барлығы еңбек жағдайын күрт өзгертетін жаңалықтар. Бұл жаңалықтарды өндіріске енгізу арқылы, ең алдымен, қол еңбегі жойылады, еңбек жағдайы жақсарады.
Машина жасау өнеркәсібінде станоктардың жұмысының автоматтандыруы, бағдарламалық басқарудағы манипуляторды іске қосылуы жұмысшыларды ауыр қол жұмысынан босатып, шаршамай өнімді еңбек етуіне мүмкіндік беріп келеді.
Көптеген электрстанциялары қырылыс матеиалдары өнеркәсібінде бетон шығаратын автоматтандың іске қосылуы болатты балқытып қою жұмысының қашықтан басқарылуы, ауыл шаруашылығындағы қол еңбегінің машиналармен алмастырылуы еңбекшілердің жұымысын едәір жеңілдетеді.
Алайда, өндірістік жоғарғы дәрежеде жарақаттандырылуы мен автоматтандырылуы, бір адамынң бірнеше агрегаттарда пульт арқылы басқаруы,екінші жағынан адамның қозғалысын азайтады, денесінің енжарлығын ұлғайтады. Мұның өзі адамынң нерв жүйелері мен жүйкесінің тозуына, жүрек қантамырлары ауруларынынң пайда болуына әкеліп соқтырады. Түрлі механизмдердің пайдалануы дыбысты секілді көбейтеді. Химиялық заттарды пайдалану адамның денсаулығына зиянын тигізіп типті олардың улануына әкеліп соқтырады.
Демек, ғылыми-техникалық прогресс еңбекті жеңілдетіп, оның өнімділін арттыру мен қатар еңбекшілерге шексіз қайғы да әкеледі. Өйткені қазіргі техникалардың көпшілігі еңбек қорғаудың ережелерімен стандартарына әсер етпейді.
Өрттің салдарынан жыл сайын 10 мың адам қайтыс болады. 1990 жылы қайғылы оқиғалардың әсерінен 491мың теңгеге зиян келген болса, өрттен 2 млн теңгеден аса шығын болады.
Халық шаруашылығының басқа салаға қарағанда АӨК саласын да жарақаттану 1,4 есе жоғары, жыл сайын онда 300 мың адам жарақаттанып, оның 5мыңы қазаға ұшырайды. Оның 65-70 пайызы еңбектің нашар ұйымдастырылуынан 15-20 пайызы инструкташ берудің сапасыздығынан, 20-25 пайызы түрлі техникалық себептерден болады.
Қазір ТМД-да 7 млн дай мүгедек бар, олардың әрбір 5-шісі өрдірістік оқиғалардан болған. Жыл сайын 30 мың адам өндірістен мүгедектік алса, 11мың адам кәсіби науқасқа шалдығады.
Сондықтан, ғылыми-техникалық прогресс жағдайында еңбек қорғау талаптарының орындалуы оны терең талддап анықтап отыруды талап етеді. Осы мақсат та Тәуелсіз Мемлекеттер достастығында 350 ғылыми-зерттеу институтары, құрылымдық-жобалау мекемелері мен жоғары оқу орындаыр жұмыс істеуде.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі дегеніміз – еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетін сақтауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттың жиынтығы.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі мемлекеттік, аймақтық, салалық және кәсіпорындық болып бөлінеді.
Мемлекеттік стандарт-өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың түрін көрсетіп, оның жоғарғы және төменгі мөлшерін шектейцді және оған бақылау жасаудың әдістерін көрсетеді.
Ал кәсіпорындық стандарт – сол мекеме жағдайында еңбек қауіпсіздігіне шек қойып, жарақаттанудың себебін анықтауды, арнайы қорғану құралдарын жұмысшыларға беру мен оны есептен шығаруда мөлшерлеп шектейді.
Стандарттарды енгізу мен оның орындалуына бақылауда мемлекеттік стандарт органдары, кәсіподақтарының инспекторлары мен және де басқа мелекеттік инспекциялары мен бірлесе отырып жасайды.
Мемлекеттік станджартқа сәйкес еңбекті қорғаудың атаулары мен анықтамалары болады. Олардың негізгілері – еңбек қауіпсіздігі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, эргономика, өндірістік эстетика.
Еңбек қауіпісіздігі – еңбек жағдайының жұмысшыға қауіпті және зиянды әсер ететін өндірістік факторларды болдырмайтын ахуалы.
Қауіпті өндірістік фактор деп – еңбекшіге әсерінен оның жарақаттануына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Зиянды өндірістік фактор деп – еңбекшінің ағзасына әсерінен оның кәсіби науқасқа шалдығуына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.
Эргономика - «Адам-машина-қоршаған орта» жүйесін зерттейтін ғылым. Оған тракторлармен комбайындардың орындықтары мен басқару органдарының жүргізушіге ыңғайлы, залалсыз, шаршатпайтындай етіп орналастыруы жатады.