Басқару психологиясының пәні және оның мақсат-міндеттері Басқару психологиясы


Басқару жүйесінің процестік, жүйелілік және жағдайлық бағыттары



бет10/32
Дата24.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#86440
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
Бас ару психологиясыны п ні ж не оны ма сат-міндеттері Бас ару

15. Басқару жүйесінің процестік, жүйелілік және жағдайлық бағыттары

Процестік бағыт. Бұл тұрғыдан басқарудың кейбір негізгі және әмбебап қызметтерінің болуы туралы әкімшілік мектептің негізгі идеясының дамуы ретінде қалыптасып, ол қызметтер үдерістік тұрғысынан басқарудың өзара байланысқан және біртұтас үдерісін түзуші ретінде қарастырылады. Басқару табысты болу үшін басқару қызметтерінің өзіндік тиімділігі де, олардың дұрыс ұйымдастырылуы да қажет. Басқару теория- 17 сының негізгі мәселесі бұл қызметтердің қайсысын басты және әмбебап деп есептеуге болатынында. А.Файоль базалық басқарушылық қызметтердің бесеуін атап көрсетті. «Басқару – болжауды және жоспарлауды, ұйымдастыруды, билік беруді, үйлестіру мен бақылауды білдіреді». Әрі қарай бұл қызметтер тізімі толықтырылды және нақтыланды. Сондай-ақ басқару қызметтерінің төрт базалық категорияларының: жоспарлаудың, мотивацияланудың, бақылаудың, ұйымдастырудың және екі байланыстырушы қызметтің – шешім қабылдау мен коммуникацияның (базалық санаттарды келістіру үшін) болуы туралы көзқарас та кеңінен таралды. Жүйелілік бағыт. Басқару теориясына «жүйелердің жалпы теориясы» үлкен ықпал етті, оған сәйкес кез келген ұйым – бұл өзара байланыстағы бөліктерден тұратын, біртұтас қызмет етуге өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастықты құрайды. Жетекші бүкіл ұйымды, оның бір-бірімен және сыртқы дүние өзара әсерлесетін барлық бөліктерін көруге тиіс. Ұйымның қандай да бір құраушысына кез келген басқарудың әсері көп әрі күтпеген зардаптарға соқтыратынын ескеру қажет. Басқару тәжірибесінің негізгі қиындығы социотехникалық жүйелер болып табылатын қазіргі ұйымдардың іштей біртекті еместігінде. Мұндай әрбір жүйе иерархиялық (субординация) және «горизонталь» (үйлестіру) келісілген бірқатар шағын жүйелерден тұрады. Бұрын болған мектептер басқару үдерісінің өзіне зейін аударса, жүйелілік тұрғыдан басқару нысанының өзі артық болмаса, ешқандай кем емес күрделі болатынын көрсетті. Тек басқарма ғана емес, оның нысанында да өзіндік қисын, заңдар болады және олар өз табиғаты бойынша жүйелі. Сондықтан тиімді басқару оларды ескеріп, қолдана білуге тиіс. Жүйелілік тұрғыдан – бұл басқарудың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне қатысты ойлаудың белгілі бір тәсілі. Ол басқару теориясының басқа ғылымдармен және зерттеу бағыттарымен байланысын күшейтті. Жағдайлық бағыт. Бұл бағыт 60-жылдардың соңында пайда болып, ұйымдастыру мәселелерінің жалпы әдіснамасын, шешу тәсілдерін білдіреді. Ол жүйелілік тұрғыдан басты тезисті жетілдіреді: ұйым – сыртқы ортамен үнемі өзара әрекетте болатын 18 ашық жүйе. Сондықтан ұйымның ішінде болып жатқанның себептерін оның сыртынан, ол нақты болатын жағдайдан іздеу керек. Бұл – осы тұрғыдан шешуші ұғым. 20-жылдардың өзінде-ақ «жағдай заңы» тұжырымдалған болатын: «Жағдайлардың әртүрлі типтері білімнің әртүрлі типтерін талап етеді». Демек, білімдер кешені және оларды нақты жағдайларға байланысты әртүрлі өмірлік жағдаяттарда тиімді жүргізуге арналған шеберлік қажет. Бұл ережелер осы тұрғыда ғана тиімді болды [28].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет