Тест – бұл сандық және сапалық бағалау нәтижесінде белгілі бір психикалық құбылыстардың даму көрсеткішіне айналуы мүмкін арнайы әзірленген тапсырма және проблемалық жағдайлар. Тесттердің көмегімен белгілі бір қабілеттердің (дидактикалық, коммуникативті, ұйымдастырушылық), іскерліктердің, дағдылардың бар немесе жоқтығы анықталады; тұлғаның кейбір қасиеттерін (ерік, темперамент, мінез, зейін, ойлау, т.б.) дәлірек сипаттауға болады.
Диалогтік (интерактивті) әдістер
Диалогтік (интерактивті) әдістер (әңгімелесу, сұхбат, диагностикалық ойындар). Басқару психологиясында сұхбат әдісі әлеуметтік процестер мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпарат алу үшін қызмет етеді.