103. Педагогикалық процестің құрылымы қандай? А) педагогикалық, әдістемелік және психологиялық; В) педагогикалық-психологиялық;
С) әдістемелік және педагогикалық;
D) зерттеу, болжау, жобалау, басқару;
E) экономикалық, психологиялық-педагогикалық.
104. Педагогикалық процестің неше құрылымы болады? А) 4; В) 2; С) 3; D) 6; E) 5.
105. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы қалайша анықталады? А) мақсат – мазмұн – әдістер – құралдар;
В) мақсат – міндеттер – мазмұн – әдістер – шарттар;
С) мақсат – принциптер – мазмұн – әдістер;
D) мақсат – заңдылықтар – мазмұн – шарттар – құралдар;
E) мақсат – принциптер – мазмұн – әдістер – құралдар.
106. Педагогикалық процестің мақсаты қалай анықталады? А) басқарушы мен педагогикалық ұжымның өзара әрекеттесуі;
В) мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі; С) педагогикалық ұжымның іс-әрекеттері, қарым-қатынастары;
D) оқушылардың өзара әрекеттесуі мен қатынасуы;
E) басшы мен жекелеген педагог арасындағы қарым-қатынас.
107. Педагогикалық процестің принциптері нені анықтайды? А) мақсат пен міндеттерді анықтау; В) педагогикалық шарттарды сипаттау;
С) оқыту мазмұнын айқындау; D) мақсатқа жету жолдарын; E) педагогикалық заңдылықтар.
108. Педагогикалық процестің әдістемелік құрылымы қалай анықталады? А) мұғалім мен оқушы іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтау арқылы; В) педагог пен басқару әрекеттерін сипаттау арқылы;
С) оқу мазмұнын жетілдіру мен қабылдауға арналған іс-әрекеттері арқылы;
D) оқу мазмұнын айқындау арқылы;
E) оқу материалының мазмұны мен әдістерін, құралдарын анықтау арқылы.
109. Педагогикалық процестің әдістері А) мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі;
В) мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі;
С) мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру мен қабылдауға арналған іс-әрекеттері; D) мақсатқа жету жолдарын анықтайды;
E) мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.