Басылым: алтыншы



бет13/131
Дата07.01.2022
өлшемі398,58 Kb.
#20185
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
Байланысты:
УМК каз 2019-1

Децентрализацияорталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің бөлігін беруі.

Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.

Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.

Дипломатия – үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.

Директива – жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.

Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.

Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды айтады.

Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.

Егемендікмемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.

Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.

Еуроцентризм − ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет