Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды. Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды.
Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі
Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді біріктіреді.
Заң жобасы – Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |