Конфликтология- әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарынзерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім.
Конформизм – іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.
Конфронтация-әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-қарсылығы.
Кооптация-белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
Коорупция-1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді,министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарына саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады.Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға ұсынылады. Жағымсыз жағы- өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.
Күш қолданбау саясаты-саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық.Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы халықтық принциптерді басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |