Басылым: алтыншы



бет26/131
Дата07.01.2022
өлшемі398,58 Kb.
#20185
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
Қырғиқабақ соғыс-екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін басталып, 80жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.

Қысымшы топтар- билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлілігін пайдаланады.Бұл топтар өз аттарынан лоббистік ұғымдар, мүдделі топтар деп атайды. Олар көбінесе мүдделердің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Легитимділік- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орыендалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілеп бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М.Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті:

1.Әдет-ғұрып 2.Харизмалық 3.Ақыл- парасат



Либерализм-1. Жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт. 2.Бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

Лобби- белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұғым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады.Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

Лояльдық- өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.

Люмпен-қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оны қаңғыбастар, қайыршылар,жезөкшелер,қылмыскерлер және т.с.с. жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет