Қоғамдық- саяси ұйымдар- халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелілікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін , өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатынғ, жеке адамның құқықтары жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.Адам алдындағы кең өріс алады.Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.