Нота- Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.
Нувориш- сауда-саттық және т.с.с. тәсілдер арқылы тер төкпей тез байыған адам. Әдетте, ондайлар қоғамның жоғарғы сатыдағыларымен тіл тауып, билік басына келуге, қоғамдық өмірге әсер етпеуге тырысады.
Обструкция-белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларын қарсы наразылық білдіретін, кедергі жасап, қабылдамауға тырысудың бір түрі. Мысалы, мұндайда депутаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі, орынынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін.
Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады.
Одақ- жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутат тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттарды, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық,әскери және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар құрылады.
Оккупация- бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекет өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.
Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін.Сондықтан қаржы олигархиясы деп аталады.
Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.