Басылым: алтыншы



бет4/131
Дата07.01.2022
өлшемі398,58 Kb.
#20185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Пәннің міндеттері:

Категориялық аппаратты игеру, саясат, саясат әлемінің ұғымдарын, саяси ғылымды игеру, биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну, саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну, саяси жүйе теорияларына талдау жасау, биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау, саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.




  1. Пререквизиттер

Бүкіләлемдік тарих, Философия, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану

Постреквизиттер

Құқық негіздері.


3. Оқу жоспарынан көшірме

Курс - 1

Семестр- 2

Кредит саны- 2



Сабақ түрі

Жалпы сағат саны

Дәріс

15

Семинар сабақ

15

БӨЖ

60

Барлығы

90


МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)



апталар

Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы

Сағат саны


1-3

Модуль 1. Саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы




Дәрістер




1.1 Саясаттану ғылым ретінде.

1

    1. 1.2 Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері.

1

1.3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік.

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар

1

1.1 Саясаттану ғылым ретінде.

1

    1. 1.2 Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері.

1

1.3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік.

1

БӨЖ




    1. 1.1 Пән бойынша библиографиялық ізденіс (таңдау бойынша)

4

1.2 Саяси ойшылдардың еңбектеріне талдау жасау

4

1.3 Биліктің түрлерін талдау

4

Модуль 1 бойынша барлығы

18


4-6

Модуль2. Қазақстанның саяси жүйесі




Дәрістер




2.1 Саяси режимдер.

1

2.2 Қазіргі кездегі саяси жүйелер.

1

2.3 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




2.1 Саяси режимдер.

1

2.2 Қазіргі кездегі саяси жүйелер.

1

2.3 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде

1

БӨЖ




2.1 «Саяси ойшылдардың еңбектері»

4

2.2 2 елдің саяси жүйесіне салыстырмалы талдау жасау

4

2.3 Биліктің түрлеріне талдау жасау

4

Модуль 2 бойынша барлығы

18

7-9

Модуль 3. Қазақстанда қалыптасқан саяси институттар




Дәрістер




3.1 Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар

1

3.2 Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс.

1

3.3 Саяси элита және көсемділік

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




3.1 Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар

1

3.2 Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс.

1

3.3 Саяси элита және көсемділік

1

БӨЖ




3.1 Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға шолу (реферат)

4

3.2 Қазіргі заманда орын алған шиеленістерге талдау жасау

4

3.3 Қазақстангдағы саяси элиталар мен саяси лидерлікке талдау жасау

4

Модуль 3 бойынша барлығы

18

10-12

Модуль 4. Қазақстанның сайлау жүйесі және саяси әлеуметтену




Дәрістер




4.1 Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену

1

4.2 Саяси идеология.

1

4.3 Сайлау және сайлау жүйелері

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




4.1 Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену

1

4.2 Саяси идеология.

1

4.3 Сайлау және сайлау жүйелері

1

БӨЖ




4.1 Саяси мәдениеттің түрлеріне салыстырмалы талдау

4

4.2 Топтарға бөлініп сайлау алды бағдарлама жасау

4

4.3 Қазіргі заманда қалыптасқан саяси идеологияларға талдау жасау

4

Модуль 4 бойынша барлығы

18

13-15

Модуль 5. Жаһандану әлеміндегі Қазақстан




Дәрістер




5.1 Саяси үрдіс және саяси модернизация.

1

5.2 Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

1

5.3 Қазақстан Республикасындағы саяси даму үдерістері

1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




5.1 Саяси үрдіс және саяси модернизация.

1

5.2 Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

1

5.3 Қазақстан Республикасындағы саяси даму үдерістері

1

БӨЖ




5.1 Модернизация жағдайындағы Қазақстанның заманауи саясаты

4

5.2 Жаһандану әлеміндегі Қазақстан

4

5.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы

4

Модуль 4 бойынша барлығы

18

Барлығы

90


4. Пәннің қысқаша ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттамасы

Оқу нәтижелерін бақылау түрлері

Аралық бақылау 1: Ағымды бақылау аудиториядағы сабақ барысында, СӨЖ орындау нәтижесі бойынша және бақылау жұмысы, семестрлік тапсырма, коллоквиум нәжелері бойынша;

Аралық бақылау 2: Ағымды бақылау аудиториядағы сабақ барысында, СӨЖ орындау нәтижесі бойынша және бақылау жұмысы, семестрлік тапсырма, коллоквиум нәжелері бойынша;

Қорытынды бақылау емтихан арқылы жүргізіледі.

Курстың саясаты мен процедурасы

Студенттер сабаққа қатысып, пән бойынша тапсырмаларды уақытында, кестеге сәйкес өткізіп отыруға міндетті.

Студенттердің сабаққа кешігуі, сабаққа келмеуі және сабақ барысындағы іс-әрекеті «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ішкі тәртібінің ережелерімен» реттеледі.

Қорытынды бақылау студенттің тікелей қатысуынсыз жүргізілмейді. студенттердің емтиханға келмеуі «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де оқу процессін ұйымдастыруының ережелерімен» реттеледі.

5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі

Аталған бөлімді толтыру барысында білім алушыда алған бағасы туралы нақты түсінігі болуы үшін әрбір бағаға қойылатын талапқа толық сипаттама беру қажет. П ЕНУ 48-14 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды бақылау Ережесіне сүйену қажет.



Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара бйланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады

А- бағасы

Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.


В+ бағасы

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

В- бағасы

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

С+ бағасы

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

С- бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

D бағасы

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

F бағасы

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет