В.Паретто (1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді.
Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке
өледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.
Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері –еңбекшілерді басып жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т.б.Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф.Ратцель) Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет.
ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс.
Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды.Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамдардың табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жатқызды.пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды.
3- т а қ ы р ы п
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ БИЛІК
Ж о с п а р ы:
Билік мәні, тұжырымдамалары
Биліктің негізі, ресурстары, элементтері
Достарыңызбен бөлісу: |