Бақылау сұрақтар Кестелер режимінде форманы беру үшін қандай команданы орындау керек.
Формада жазбаларды қалай сорттауға болады.
3.Таңдау шартын қанағаттандыратын жазбалар жиынтығын қалай шығаруға болады.
Фильтрді қолданғаннан кейін , барлық бар жазбаларды қалай шығаруға болады.
Үлгі бойынша мәліметтерді қалай табуға болады? Сәйкес келуді қалай табуға болады? Іздеу бағытын қалай көрсетуге болады? Регистрді есепке ала отырып ше?
№7 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Есептер
Мақсаты: Есептерді құру тәсілін үйрену
Тапсырмалар
1-тапсырма. Бағамдар кестесі бойынша Автоесеп жасаңыз.
БАҒАМДАР кестесі
№
Өнім
Су
Белоктар
Майлар
Углеводтар
Энергет Құндыл
1
Ірімшік
52,0
17,9
20,1
0
260
2
Иогурт
88,0
5,4
1,5
3,5
51
3
Кефир
91,4
3,1
0,1
3,8
30
4
Сүт
88,5
2,8
3,2
4,7
58
5
Кілегей
82,2
3,2
10,0
4,0
118
6
Сыр
40,0
23,4
30,0
0
371
2-тапсырма. АСТАНА қаласы бойынша азық-түліктердің бағамын көрсететін Автоесеп жасаңыз.
3-тапсырма. ОЙЫНДАР кестесі бойынша есеп жасау керек. Есеп тақырыбына доп суретін енгізу керек.
Материалдар мен құрал-жабдықтар:Access бағдарламасы
Жұмыстың орындалу реті Теориялық материалды игеру
Жұмыстың орындалуы
Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы Бағдарлама мәтіні.
Тестілеу нәтижесі
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий Есептер Есептер қағазға кестелерді шығару үшін немесе сұраныстар жұмысының нәтижелерін шығару үшін қажет. Есептер формаларға ұқсас болып келеді. ДБ(деректер базасы) ОТЧЁТ жапсырмасын таңдап, ЖАСАУ(СОЗДАТЬ) батырмасына шерту керек, сонда біз Мастер көмегімен немесе қолмен, автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін ЖАҢА ОТЧЁТ сұхбат терезесін ламыз. Әрі қарай отчет жасалатын кестенің немесе сұраныстың атын көрсету керек. Есептер формалар сияқты бөлімдерден тұрады, бірақ есептердегі бөлімдер формалардағыдан көп. Авто есеп жасап, және оны Конструктор режимінде ашып, есеп құрылымымен танысуға болады.
Есеп құрылымы 5 бөлімнен тұрады:
Есеп тақырыбы;
Жоғарғы колонтитул;
Мәліметтер облысы;
Төменгі колонтитул;
Есеп ескертпесі.
Тақырып бөлімі Есептің жалпы тақырыбын баспалау үшін қажет. Жоғарғы колонтитул бөлімі беттер нөмірлерін, тақырыпшаларды баспалау үшін қолдануға болады. Мәліметтер облысына мәліметтер кестесі өрістері құрамымен байланысты басқару элементтерін орналастырады. Бұл басқару элементтерінде принтерде кестедегі мәліметтерді шығару үшін қолданылады. Басқару элементтерін түзету және орналастыру бұрынғы формалар құрылымдарын жасағандай болады. Төменгі колонтитул бөлігінде жоғарғы колонтитул сияқты қолдануға болады, мысалы, Now() функциясын орналастыруға болады. Ол ағымдағы мерзімді көрсетеді және оны өріске орналастырады, ал есеп оны баспалау кезінде шығарады. Немесе бетке нөмір шығару үшін іштестірілген функцияларды Page(), Pages() қолдануға болады және оның санын - «Страница» & /Page/ & «из» & /Pages/ деп көрсетуге болады. Тырнақшаға алынған текст нақты мағынасында беріледі, ал & операторы тырнақшаға алынған тексті жапсыруға арналған. Ескерту бөлімі қосымша ақпаратты орналастыру үшін қолданылады.
Авто есеп жасау
Чемпионат кестесі бойынша есеп беті мен мерзімі көрсетілген ленталық Авто есеп жасау
МҚ (мәліметтер қоры) терезесінде Есеп жапсырмасын таңдау;
Жасау (Создать) батырмасында шерту; Ашылған Жаңа есеп (Новый отчет) сұхбат терезеде ленталық Авто есеп пунктін таңдау
Осы терезеде Жаңа есеп, ал арнайы өрісте Чемпионат кестесін көрсету;