Алдыңғы есептегі жоғарғы колонтитулға бөлінетін сызық пен футбол добының суретін қойыңыз.
Сілтеме. Есепке сурет қою мен сызық жүргізу формалармен жұмыс істегендей жүргізіледі. (№5-ші тәжірибелік жұмыстағы, 3-ші тапсырманы қараңыз).
Сұраныс бойынша есеп жасау
Конструктор режимінде есеп жасау. ДИСК D001 прокатқа алған клиенттердің тізімін шығару.
Сілтеме. №4 -ші жұмыстың 2-ші тапсырмасында жасалған сұраныс негізінде есеп жасаңыз. Бұл сұраныс D001 дискісін алған клиенттер тізімін шығарып береді.
Ескерту. Есептердегі принтер болмаса да жасай беруге болады. Пуск/ Настройка/ Принтеры/ Установка принтера операциялық жүйелер командасының көмегімен бағдарламалық орнатуды орындаса жеткілікті, одан кейін принтер драйверін тіркеу керек.
Бақылау сұрақтары Есептер не үшін қажет?
Есептің құрылымы қандай?
Қандай режимдерде есеп жасалады?
Форма құрылымының есеп құрылымынан айырмашылығы неде?
№8 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жеке Деректер қорын жасау.
Мақсаты: Деректер қорын жасауда іс-тәжірибелерді нығайту.
Тапсырмалар 1. «Менің кітапханам» деректер базасын құрыңыз. Деректер базасын өзіңіздің кітапханаңыздағы кітаптар туралы мәліметтермен толтырыңыз.
«Менің кітапханам» деректер базасы
Өріс аты
Мәліметтер типі
Сипаттау
Код
Санауыш
Кілттік оріс
Автор
Мәтіндік
Автордың аты-жөні
Аты
Мәтіндік
Кітаптың аты
Сипаттама
Мәтіндік
Кітап жанры
Баспа
Мәтіндік
Баспа аты
Жыл
Сандық
Баспа
Тираж
Сандық
Тираж
2. Мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы форма жасаңыз.
Барлық детективтердің авторларын табыңыз.
Ең үлкен тиражды кітапты табыңдар.
«Фирма» деректер базасын құрыңыз. Өріс аттары мен типтері жоғарыда мысалда келтірілген.
Келесі шарттарды орындай отырып, тақырыпты өз бетінше таңдап, Деректер базасын жасаңыз:
Мәліметтер кестесін жасаңыз.
Мәліметтер енгізіңіз.
Жазбаларды сұрыптаңыз.
Кестелер арасындағы байланыс жасаңыз.
Таңдамаға, параметрлі, есептеулері бар және қорытынды сұраныс жасаңыз.
Форманы жасаңыз, оның тақырыбын көркемдеңіз. Осы формада есептелетін өріс жасаңыз.