Басылым: алтыншы


Фильтрді жасау және қолдану



бет11/20
Дата14.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#114170
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Практика

Фильтрді жасау және қолдану


Мекен-жайлар формасын кесте түрінде беріп және барлық Василисалардың мекен-жайларын табыңыз.
Фильтр - бұл жазбаларды таңдап алу үшін немесе оларды сорттау үшін арналған шарттар жиынтығы.

  1. Форманы кестелер режимінде беріңіз.

  2. Жазбалар - Фильтрді өзгерту.(/Записи - Изменить фильтр/)командасын орындау. Бұл команда <Фильтр> терезесінде таңдау шартын беру үшін қажет. Саймандар панеліндегі батырманы қолдануға болады. <Фильтр> терезесінің жоғарғы бөлігінде МЕКЕН-ЖАИЛАР кестесінің өрістер тізімі шығады. Терезенің төменгі бөлігіне таңдау шарты енгізілетін бланк шығарылады.

  3. Бланкке таңдау шарты берілетін өріс Атын көрсетіңіз. Тізімнен өрісті таңдау үшін :

    1. Оны өрістер тізімінен тышқанмен сүйреп бланктің бірінші
      жолының алғашқы ұяшығына әкелеміз;

    2. Өрістер тізіміндегі өріс атына тышқанды екі рет шертеміз;

  1. Фильтр бланкісінің бірінші ұяшығына тышқанды шертіп, ашылған тізімнен өрісті таңдаймыз.

  2. Өріс бланкісіне таңдау шартын енгіземіз. Яғни, таңдау шарты бланкінің алғашқы ұяшығына сәйкес келу үлгісін (ізделетін атты) енгізіңіз .

  3. Әрі қарай жасалынған фильтрді форманың жазбаларына қолдану керек. Мұны келесі әрекеттердің бірімен орындауға болады:

  4. Жазбалар(Записи) менюіндегі Фильтрді қолдану командасын таңдау.

  5. Саймандар панелінен Фильтрді қолдану батырмасын басу. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, көрсеткішті фильтр терезесіне орналастырып, тәуелді( контексті) менюден Фильтрді қолдану командасын таңдаймыз.

Нәтижесінде, берілген аты бар барлық адамдар тізімі шығады. Міне, мұндай тізім көз алдыңда тұрғанда,кімнің кім екенін оңай табуға болады.
Егер сіз барлық адресаттарды тағы көргіңіз келсе, онда Жазбалар (Записи) менюіндегі Барлық жазбаларды көрсету командасын таңдау немесе саймандар панеліндегі батырманы басу керек.
Егер сіз тағы сол бұрынғы фильтрді қолданғыңыз келсе, онда оны қайтадан баптаудың қажеті жоқ , Жазбалар(Записи) менюінен Фильтрді қолдану командасын орындау жеткілікті немесе саймандар панеліндегі батырманы басу керек.
Таңдау шарты өрнектерінде нұсқа операторларын қолдану рұқсат етіледі.
Кейбір нұсқа символдарын келтірейік.
(*) -жұлдызшасы кезкелген символдардың кезкелген тобын алмастырады; нұсқадағы бірінші немесе соңғы символ болуы мүмкін. «Вас*»-шарты болса , «Василиса», және «Василий», және «Васька» алынатын болады. Ал егер «*ова»-шарт болса, онда «ова» -ға аяқталатын барлық фамилиялар «Иванова», «Петрова» және т. б алынатын болады.
Сұрақ (?) белгісі- кезкелген бір символды алмастырады. Егер «М?ша» шарты болса, онда «Миша» және «Маша» алынатын болады.
Белгі (#) нөмірі- кезкелген бір символды алмастырады. «1#3» шартты берсек, онда «103», «113», «123»... табамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет