Льюис пен Коссель теориялары. Иондық және коваленттік байланыстар жөніндегі түсінік. Сутек молекуласының түзілуі.
Иондық байланыс. Иондық балланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Оның теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.
Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады. Коссель теориясының қағидалары мынадай:
Сыртқы қабатында 2 не болмаса 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте тұрақты.
Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардыкіне ұқсатқысы келеді.
Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң ион-анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып, иондық байланыс түзіледі.
Иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың кулон күштері арқылы тартылысуы нәтижесінде түзіледі. Ал кулон күштері-қанықпайтын күштер, демек иондық байланыс қанықпаған байланыс.