Газет Семей
қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің
Редакциялық-баспа орталығында теріліп,
«Газета «Спектр»» ЖШС баспаханасында
офсеттік әдіспен басылып шығарылды.
Тел: 56-15-87
Семей қаласы, Шугаев көшесі, 30
Таралымы 1000 дана
редакцияның
мекен-жайы:
Семей қаласы,
Глинка көшесі, 20 а,
Телефон: 35-95-87
Факс: 35-94-65
редактор
Дәулет ТіЛЕУбЕрДИЕв
Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитеті берген тіркеу куәлігі 13988-Г,
19 желтоқсан 2013 жыл.
Құрылтайшысы:
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университеті.
Студент - жастарға арналған
ақпараттық-танымдық басылым
айына бір рет шығады.
2014 жыл №5 (70) Тамыз-Қыркүйек
Семей қалаСының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
универСитеті
Шәкәрім университеті
– қазіргі заманға сай зертханалар және
шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжiрибесі және кең көлемде
халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны болып табылады.
Шәкәрім университетінің
8 факультетінде жалпы саны 6 мыңнан астам
студент бакалавриаттың 67 мамандығы бойынша, 2 жоғары арнаулы білім беру
бойынша, магистратураның 40 мамандығы және 5 мамандық бойынша Ph.D
докторантурада білім алуда.
Шәкәрім университеті
– Оқу орнында 1300-ге жуық ұстаздар мен
қызметкерлер еңбек етеді. Олардың 13-і халықаралық және республикалық
академиялардың академиктері мен корреспондент мүшелері, 31 ғылым
докторлары мен профессорлар, 230 ғылым кандидаттары мен доценттер, 186
магистрлар.
Шәкәрім университеті
– қазіргі заманға сай оқу процесстеріне қажетті жоғары
білікті профессорлық-оқытушылар құрамы мен сапалы оқу-әдістемелік база
және мықты инфрақұрылымы арқылы университет 2004 жылдан бері кредиттік
жүйе бойынша білім беру құқығына ие болды. Ал 2009 жылы университетте оқу
процесіне қашықтан білім беру үрдісі енгізілді.
Шәкәрім университеті
– қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен
жарақтандырылған оқу және ғылыми зертханалары, компьютер сыныптары,
жеті жүз мыңнан астам кітап қоры бар.
Шәкәрім университеті
– қазіргі заманға сай материалдық, техникалық
базамен және арнайы зертханалармен жабдықталған. Университет құрамында
12 оқу ғимараты, оқу залы мен медиотекасы бар ғылыми кітапхана, 1300-
ден астам компьютері бар компьютерлік паркинг, бассейн мен 2 тренажерлік
залы бар. Сондай-ақ, арнайы футбол алаңы бар 2 спорт кешені, 1 спорт залы,
медициналық орталық пен қазіргі заманға сай медициналық жабдықтармен
жабдықталған емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Сырт жақтан келіп
оқитын студенттерге пәтерлік үлгідегі жатақханалардан және қала орталығында
орналасқан «Студенттер үйінен» тұрмысқа қолайлы бөлме беріледі.
Шәкәрім университетінің
16 ғалымы «Жоғары оқу орындарының үздік
оқытушысы» атанып, мемлекеттік гранттың иегері болды.
Шәкәрім университеті
– бірнеше беделдi халықаралық ұйымдардың мүшесi.
Сондай-ақ АҚШ, Қытай, Монғолия, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания,
Жапония, Түркия, Чехия, Словения, Польша, Ресей, Беларуссия, Украина,
Балтық жағалауындағы бірнеше мемлекеттердің ЖОО-дарымен халықаралық
ынтымақтастық пен iскерлiк байланысты жүзеге асырады.
1934 жыл, 23 маусым.
ВКП (б) Шығыс Қазақстан обкомының бюросы «Семей қаласында
Қазақ педагогикалық институтын ұйымдастыру туралы» сұрақты қарады. Сол жылы Қазак
АКСР Халық комиссарлар кеңесі Семей қаласында педагогикалық институт құру туралы
шешім қабылданды.
1935 жыл, - қаңтар.
Мұғалімдер институты КСРО жоғары оку орындарының айшықты
тізіміне енгізілді.
1936 жыл, 10 шілде.
Семей мұғалімдер институтына Сәкен Сейфуллин есімі берілді.
1936 жыл.
Институтты алғашқы мұғалімдер бітіріп шықты. Олардың жалпы саны 73
адам болған.
1937 жылы 31 қазан.
Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Семей
қаласында құрамында үш: физика-математика, жаратылыстану, орыс тілі және әдебиеті
факультеттері бар педагогикалық институт ашылды. Институттың 76 студенті болды.
1938 жыл.
Бірінші студенттер жатақханасы салынды.
1939 жылы 9 наурыз.
Институтқа Н.К.Крупская аты берілді.
1939 жыл, 15 мамыр.
Педагогикалық институт жоғары оқу орындарының уставын
қабылдады. Уставты енгізу туралы бұйрыққа КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы
Бүкілодақтық жоғары оқу орындары ісі бойынша комитет төрағасының орынбасары
А.Гагарин қол қойған.
1941 жыл, көктем.
44 адам-мамандардың алғашқы тобы бітіріп шықты.
Күз. Басталып кеткен Ұлы Отан соғысына байланысты кезектен тыс, екінші топ бітіріп
шықты. Отанды қорғауға 40 оқытушы және 50 студент аттанды.
1942 жыл.
Бірінші рет қазақ тілі және әдебиеті бөліміне студенттер қабыланды.
1942-1945 жылдар.
Облыс мектептеріне 500 түлек жіберілді. Төрт факультет: филология,
тарих, физика-математика, жаратылыстану жұмыс істеген.
1950 жыл.
Студенттер контингенті 690 адам болды.
1952 жыл.
Физика-математика факультетінде қазақ тілінде окыту енгізілді. Институт
Өскемен педагогикалық институтын құруға көмек көрсетті. Студенттердің және мұғалімдердің
бір бөлігі, біраз оқулықтар және құралдар жаңа институтқа берілді.
1960 жыл.
Бітірушілер 560 адамды құрады. Студенттер театры Халық театры атағын
алды.
1969 жыл.
Дайындық бөлімі ашылды. Сол сияқты дене тәрбиесі, сызу және сурет
бөлімдері ашылды.
1970 жыл.
Бітірушілер саны 690 адамды құрады. Институт ұжымы Қазақстан КП Орталық
комитетінің және Қазак КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен
марапатталды.
Қазақстанда алғашқы қыздар құрылыс отряды «Аэлита» құрылды.
1972 жыл.
Құрылғанына 35 жыл толуына байланысты институт ұжымы КСРО Жоғарғы
және орта білім министрлігінің және Ағарту, жоғарғы мектеп және ғылыми мекемелер саласы
кәсіподақтары Президиумы Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1973 жыл.
Дене тәрбиесі факультеті ашылды.
1974 жыл.
Көркемсурет және сызу факультеті ашылды. Физика-математика факультетінің
негізінде студенттердің конструкторлык бюросы - СКБ ашылды.
1976 жыл.
Институт ұжымы Қазақстан КП Орталық комитетінің және Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Президиумның Құрмет грамотасымен марапатталды.
1980 жыл.
Бітірушілер саны 760 адам.
1987 жыл.
Студенттер контингенті 4,5 мың адамды құрады, мұғалім мамандары алты
факультетте, он бес мамандық бойынша дайындалды. Осы уақытқа дейін институтты 24 мың
адам бітірді.
1993 жыл, 12 мамыр.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №383 қаулысымен
Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы
Семей мемлекеттік педагогикалық институты деп аталатын болды.
1995 жыл, 13 қараша.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы
№1513 қаулысымен және Білім және ғылым министрлігінің 1995 жылдың 1 желтоқсандағы
№304 бұйрығымен үш институттың (Семей педагогикалық институтының, Семей
зоотехникалық-малдәрігерлік институтының, Семей технологиялық институтының) негізінде
«Семей» мемлекеттік университетін құру туралы шешім қабылданды.
1999 жыл, 22 қыркүйек.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен «Семей»
мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті болып
аталатын болды.
2004 жыл, сәуір.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Семей мемлекеттік
педагогикалық институты дербес жоғары оқу орны ретінде қайта құрылды.
2013 жыл, 29 мамыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 мамыр 2013 жылғы
№529 қаулысы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Семей
мемлекеттік педагогикалық институты қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта
ұйымдастырылды.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
ЖЫЛНАМАСЫ