Физика, математика пәндері бойынша әдеби-сазды кеш



бет1/8
Дата19.05.2023
өлшемі52,23 Kb.
#94958
  1   2   3   4   5   6   7   8

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
«Математика –ақыл-ойдың мәңгілік шұғыласы» атты физика, математика пәндер апталдығы аясында өткен

(физика, математика пәндері бойынша әдеби-сазды кеш)
Дайындаған: Физика пәнінің оқытушысы- Мектепова Л
Математика пәніңі оқытушысы- Калдаулетова А


Бейнеу,2016 ж
Ғасырдың ғажап қос тірегі
(Математика, физика пәндер апталығының қорытынды кеші)
Мақсаты: Пәннен алған білімдерін ашық ортаға салуға үйрету, бір –бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыландыру, алған білімдерін практикамен ұштастыруға , өз бетімен теориялық білімін нығайтуға, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу.
Өтетін жері: Фойе
Көрнекілігі: тақта, Led Panel, нақыл сөздер, шараға керек құралдар
1-жүргізуші: Құрметті оқытушылар мен студенттер! «Ғасырдың ғажап қос тірегі» атты математика, физика пәндер апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Студенттер, бүгінгі кешімізде түрлі тапсырмаларға, қызықты мәліметтерге куә боласыздар!
1-жүргізуші: Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым.
2-жүргізуші: Ал, физика – гректің (фюзис - табиғат) сөзі- табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым.
1-жүргізуші: Қалай ойлайсыз осы екі ғылымның арасында қандай байланыс бар?
2-жүргізуші: Байланыс бар, мысалы физиканың бірінші сатысында жоғары сыныптарда математиканың жалпы ғылыми әдістері – түрлендіру әдісі, вектор негізіндегі координаталар әдісі және аксиоматиканы қолдану күшейе бастайды. Физиканың математикамен пәнаралық байланысы механика курсының барлық тақырыптарында қарастырылған.
1 жүргізуші: Ал, “ Кинематика негіздері ” тақырыбында VІ- VІІ сыныптардың алгебра курсынан математиканың негізгі ұғымдары ретіде: сызықты функция және графиктер, абсолют және салыстырмалы қателіктер, квадрат теңдеулер және теңсіздіктер пайдаланады. Осыдан математика мен физика ғылымдарының арасында байланыс бар екендігін көруге болады. Олай болса кезекті студенттердің қос ғылым туралы өлең шумақтарына береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет