Өзгермейтін жүйе. Қозғалыс кезінде механикалық жүйенің кез келген екі нүктесінің ара қашықтығы тұрақты болып қалса, онда ол өзгермейтін жүйедеп аталады. Мұндай жүйе үшін барлық ішкі күштердің жұмыстарының қосындысы нөлге тең болғандықтан (4.3.26) және (4.3.27) өрнектері былай жазылады:
, . (4.3.28)
Идеал жүйе.Байланыстары уақыт өткен сайын өзгермейтін жүйені қарастырайық. Жүйеге әсер ететін барлық сыртқы және ішкі күштерді актив күштер және байланыс реакциялары деп бөлейік. Сонда (4.3.26) теңдеуін былай жазуға болады:
,
бұл жердегі мен – жүйенің k-нөмірлі нүктесіне түсірілген актив күштер мен реакция күштерінің элементар жұмыстары. Идеал жүйе деп қозғалыс кезінде жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруіне байланыстары әсер етпейтін жүйені айтады. Әрине, мұндай байланыстар үшін мынандай шарт орындалуы керек:
.
Осыған орай, жүйе элементар орын ауыстырғанда барлық реакциялары жұмыстарының қосындысы нөлге тең болатын байланыстар идеал байланыстардеп аталады.
Уақыт өткен сайын идеал байланыстары өзгермейтін механикалық жүйе үшін:
, . (4.3.29)
4.3.10 Жүйенің механикалық энергиясының сақталу заңы
Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теоремадан толық механикалық энергияның сақталу заңы алынады.
Жүйеге әсер ететін барлық сыртқы және ішкі күштер потенциалдық күштер болсын делік. Сонда потенциалдық күш өрісіндегі орын ауыстыруда бұл күштердің жұмыстарының қосындысы бастапқы потенциалдық энергия
( ) мен шекті потенциалдық энергияның ( )айырмасына тең болады, яғни
.
Осы өрнекті (4.3.27)-ге қояйық, сонда
немесе . (4.3.30)
(4.3.30) теңдеуі жүйенің механикалық энергиясының сақталу заңын береді: потенциалдық күштер әсеріндегіжүйенің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.