Басылым: екінші



бет2/18
Дата26.12.2023
өлшемі0,87 Mb.
#144109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
УМКД СиС(Динамика)

Ньютонның екінші заңы (динамиканың негізгі заңы). Материялық нүктенің үдеуі оған әсер етуші күшке тура пропорционал, бағыты күшпен бағыттас. Нүкте массасы пропорционалдық коэффициенті болады.
Бұл заңның математикалық өрнегі:
. (3.2.1)
Егер денеге бірнеше күштер әсер етсе Ньютонның екінші заңы былай жазылады:
. (3.2.2)
Ньютонның үшінші заңы. Екі материялық нүкте бір-біріне модульдері тең, осы нүктелерді қосатын түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді (3.1 сурет).
С ондықтан, , ал .


3.2.2 Нүкте динамикасының негізгі мәселелері

Материялық нүктенің негізгі мәселелері еркін және еркін емес нүктелер үшін айтылады.


Қозғалысы басқа денелермен шектелмеген нүктені еркін материялық нүкте дейміз. Осындай нүкте үшін динамиканың екі негізгі мәселесі қарастырылады:
Динамиканың бірінші негізгі мәселесі: Нүктенің массасы мен қозғалыс заңын біле отырып, оған әсер ететін күштерді анықтау.
Динамиканың екінші негізгі мәселесі: Нүктенің массасы мен оған әсер ететін күштерді біле отырып, оның қозғалыс заңын анықтау.
Екі мәселе де Ньютонның екінші (3.2.2) заңының көмегімен шешіледі.
Қозғалысы басқа денелермен шектелген нүкте еркін емес материялық нүкте деп аталады. Мұндай нүкте үшін оған әсер ететін барлық актив күштерге реакция күштерін қосу қажет. Оларды бір күшпен белгілейміз. Сонда Ньютонның екінші заңы былай жазылады:
. (3.2.3)
(3.2.3) өрнегімен еркін емес нүкте үшін де динамиканың екі негізгі мәселесі шешіледі:
Динамиканың бірінші негізгі мәселесі: Нүктенің массасын, қозғалыс заңын және оған әсер ететін актив күштерді біле отырып, реакция күштерін анықтау.
Динамиканың екінші негізгі мәселесі: Нүктенің массасын және оған әсер ететін актив күштерді біле отырып, оның қозғалыс заңын және реакция күштерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет