Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет27/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі және 
оның міндеттерi: 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - 
экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды 
пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын 
қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы 
үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардыә 
нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық 
жүйе. 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыәғай мемлекеттік жүйесін 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы мемлекеттік уәкілетті 
органдармен бірлесе отырып ұйымдастырады. 
Қоршаған орта мен 
табиғи 
ресурстар 
мониторингінің бірыәғай 
мемлекеттік 
жүйесінің принциптері: 
бірыәғай ұйымдық, әдістемелік, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негізінде 
жұмыс істеу; 
қолданыстағы мемлекеттік және өзге де мониторинг жүйелерінің мүмкіндіктерін барынша 
пайдалану болып табылады. 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік 
жүйесінің міндеттері: 
қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердің жай-күйі туралы, 
антропогендік әсер ету көздері, тіршілік ету ортасының халық денсаулығына әсер ететін 
факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу; 
қоршаған ортаның жай-күйін, антропогендік әсер ету деңгейлерін, биосфера жай-
күйінің көрсеткіштерін, экожүйелердің функционалдық тұтастығын бағалау және болжау; 
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық 
шешімдері мен өткізілетін іс-шаралардың тиімді болуына талдау жүргізу үшін 
деректермен қамтамасыз ету болып табылады. 
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі 
тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау 
мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы 
қолданыстағы мониторинг жүйелері мен мониторингтің кіші жүйелерінің базасында 
қалыптасады. 
Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес табиғи объектілерге 
зерттеу жүргізуге және мониторинг түрлерін (кіші жүйелерді) ұйымдастыруға міндетті. 
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті 
орган ұйымдастырады. 
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі - Қазақстан Республикасының елді 
мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. 
Мемлекеттік бақылау бекеттерінің санын және оларды әрбір нақты елді мекенде 
орналастыруды халық саны, жер рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып, 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде айқындайды. 
Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі - жер үсті және жер асты сулары 
сапасының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. 
Топырақ жай-күйінің мониторингі - елді мекен жерлерінде, суармалы аумақтар мен ауыл 
шаруашылығы алқаптарында топырақтың техногендік ластануының жай-күйіне бақылау 
жасау жүйесі. 
Метеорологиялық мониторинг - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды 
ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет