Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет29/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі - шөлейттену мен оның зардаптарына 
және таулы экожүйелердің жай-күйіне бақылау жасау. 
Орман мониторингі орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман 
қорын пайдалану, биологиялық әралуандықты және ормандардың экологиялық 
функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-
күйі мен серпінін бақылау, бағалау және болжау жүйесін білдіреді. Орман мониторингінің 
деректері Мемлекеттік орман кадастрында қорытылады. 
Жануарлар дүниесінің мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру мен 
пайдалану және биологиялық әралуандықты сақтау саласындағы мемлекеттік басқару 
мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын бақылау, 
бағалау және болжау жүйесі болып табылады. Жануарлар дүниесі мониторингінің 
деректері Жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрында қорытылады. 
Өсімдіктер дүниесінің мониторингі өсімдіктер дүниесін зерттеу, қорғау, молықтыру және 
тұрақты пайдалану мақсатында олардың объектілері жай-күйінің бағалануын бақылау 
жүйесін білдіреді. 
"Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі - "Байқоңыр" кешенінің зымыран-
ғарыш қызметі әсер еткен аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау 
жүйесі. 
Парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі - 
парниктік газдардың атмосфераға шығарылатын шығарындыларын және озон қабатын 
бұзатын заттарды тұтынуды және олардың көздеріне бақылау жасау және есепке алу 
жүйесі. 
Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулығы мен тіршілік ету 
ортасының жай-күйіне, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ 
халықтың денсаулығы жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері 
арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындаудың мемлекеттік бақылау жасау 
жүйесі. 
Мониторингті 
халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
Климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі - климаттың өзгерістері мен 
Жердің озон қабатының динамикасына, олардың жай-күйін кешенді бағалау мен болжауға 
бақылау жасау. 
Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала аймағының мониторингі - 
төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумақтарында 
қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. 
Ғарыштық мониторинг - ғарыштық орналастыру және дистанциялық тексеріп көрудің 
бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау 
жүйесі, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды аэроғарыштық қызмет саласындағы уәкілетті 
мемлекеттік орган жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет