Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет25/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Жоспары
1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен түсінігі. 
2. Экологиялық мониторинг және жүзеге асырудың тәртібі. 
1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен түсінігі. 
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде 
жаңа 
мемлекеттiк 
жүйесiнiң 
құрылуының 
және 
қалыптасуының, 
Қазақстан 
Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы 
ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат 
пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи 
ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және 
дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы 
қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың 
көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi 
жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, 
оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау 
қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.Қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк 
тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап 
айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, 
мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық 
тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi 
қарастырылған болатын.Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи 
ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере 
отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.Аталған 
Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда 
елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат 
қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша 
бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару 
жүйесi құрылды.Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - 
"Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау 
туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер 
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 
жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi 
қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, 
бекiтiлдi.Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң 
заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. 
Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру 
жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат 
ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет