Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, табиғат пайдалану құқығы,
айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және
адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның
ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары
жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың объективтік жағы 3 түрлі: элементпен
мінезделеді.
-Құқыққа қайшы мінез-құлық
-Экологиялық зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупі.
-Құқыққа қайшы мінез-құлық пен нақты зиян келтіру қаупі арасындағы себепті
байланыс.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы заң бұзушының іс-әрекеті
немесе әрекетсіздігі нәтижесінде көрініс табатын өзінің құқыққа қайшы мінез-
құлқыны.Заң кінәнің 2 түрін қарастырады: қасақана немесе абайсызда. Қасақана
экологиялық құқық бұзушылыққа құқық бұзушының мінез-құлқының нәтижесінде
қоғамға зиян тигізетінің біле тұрып және санал түрде қылмыс істеуі жатады.
Абайсыздықтың 2 түрі бар, өзіне сенушілік және ұқыптылық.
Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және
оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға
қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын
айтамыз.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне: -Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке
әкеп соғатын бұзушылық;
-қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтар;
-экологиялық қылмыстар жатады.
-Қазақстан
Республикасының
экологиялық
заңнамасын
бұзу
Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
-Экологиялық
құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген
залалды Экологиялық Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық
актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.
Мыналардың: -табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;
-табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;
-қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген
жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын
орналастырудың;
-қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға,
азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне
келтірілген залал өтелуге тиіс.
Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың
денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне
келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен
айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған
шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар
ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.