Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет34/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
4. әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі 
болған затты тәлкілеу; 
5. белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру; 
түзеу жұмыстары; 
әкімшілік қамау. 
2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР-ң 
Кодексінің 31 бабына сәйкес Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға: 
-Ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған жеке адам. 
-Заңды тұлғалар жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 
ҚР Кодексінің 19 тарауында “Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану 
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық 
бұзушылықтың құрамы берілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген: 
-атмосфералық ауаны қорғау (243-249 баптар); 
-жерді қорғау мен пайдалану (250-258 баптар); 
- жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275 баптар); 
- суды қорғау мен пайдалану (276-281 баптар); 
- орманды қорғау мен пайдалану (282-294 баптар); 
- жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (301-306 баптар); 
- құрылықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306 баптар); 
- қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылатын жалпы 
экологиялық талаптар (240, 241, 245 баптар). 
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік 
құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекеттік 
автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау 
министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық 
инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі жңне т.б.) қарайды. 
Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өздерінің еңбек міндеттемелері мен 
қызметінен туындайтын табиғат қорғау заңын бұзуға, қызмет жағдайын, қоршаған табиғат 
ортасын және табиғи ресрустарды қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды 
орындамауда кінәлі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары 
еңбек, өндірістік жңне технологиялық тңртіпті реттейтін Қазақстан Республикасының 
Еңбек туралы заңына, ережелеріне, жарғыларға, ішкі еңбек реті ережелеріне және басқа да 
нормативтік актілерге сәйкес тәртіпті жауапты болады. Тәртіптік жазаны кәсіпорынның 
немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен рәсімделеді. 
Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік 
жазалардың мынадай түрлерін қолдануға: 
-ескерту жасауға; 
-сөгіс беруге; 
-қатаң сөгіс беруге; 
-жұмыс берушінің бастамашылығы бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы. 
Егер қызметкердің заңсыз ңрекеттері нәтижесінде кәсіпорынға материалдық нұқсан 
келтірілетін болса, онда қызметкерге тәртіптік жауапкершіліктен басқа да материалдық 
жауапкершілік жүктеледі. Материалдық жауапкешіліктің мәні қызметкердің міндетіне 
оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеуде болып табылады. Қызметкердің 
заңсыз әрекеттері нәтижесінде аса кеңінен таралған, қосымша жағдайлармен қоршаған 
ортаға өндіріс пен тұтыну қалдықтарының шығарындысын тастауы болады. Кәсіпорын 
табиғатқа келітірілген нұқсанды төлейді. Заңнамада қызметкердің толық материалдық 
жауапты болуы кезіндегі негіздер көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет