Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет39/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің Жарлығы мен 
жер қойнауын және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз 
ететін басқа да заңдар. 
1.Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының және оны қорғаудың 
түсінігі мен жалпы сипаттамасы. 
Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын бақылау 
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушының 
келісім-шарт талаптарын сақтауын, оның ішінде жұмыс бағдарламаларын бақылауды 
жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда Энергетика және 
минералдық ресурстар министрлігі жазбаша хабарламамен осындай бұзушылықтарды 
жою қажеттігін нұсқауы мүмкін.
Хабарлама талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Энергетика және 
минералдық ресурстар министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану 
туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келісім-шартты бұзуға құқылы. 
Жер қойнауын пайдалану құқығының тізбесі 
Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар: 
келісім-шартта белгіленген талаптарға сәйкес оған берілген келісім-шарт аумағы шегінде 
жер қойнауын пайдалану бойынша кез келген заңды іс-қимылдарды дербес жасауға; 
келісім-шартта өзгеше көзделмесе, өз қарауы бойынша өз қызметінің нәтижелерін, оның 
ішінде минералдық шикізаттты пайдалануға; 
келісім-шарт аумағында, ал қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен жер қойнауын 
пайдаланушыға бөлінген өзге жер учаскелерінде жұмыстарды жүргізуге қажетті өндірістік 
және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ уағдаластық бойынша жалпы 
пайдаланымдағы объектілерді және коммуникацияны келісім-шарт аумағында да одан 
тысқары да пайдалануға; 
бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс 
келісім-шарт тың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерді жүзеге асыруға; 
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың 
жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігер тартуға; 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шартарды сақтаумен өзініңің 
құқығының барлығын немесе бөлігін беруге; 
Қазақстан Республикасының заңнамасында және келісім-шартпен белгіленген шартарда 
өз қызметін тоқтатуға. 
Жер қойнауын пайдаланушыға заңнамаға сәйкес оның құқығын қорғауға кепілдік 
беріледі. Заңнамаға жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын өзгерістер 
мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісім-
шарттарға қолданылмайды. 
Жер қойнауын пайдаланушыға қойылатын жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау 
жөніндегі талаптар 
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық кезеңінде жер 
қойнауы ресурстарын тиімді және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, оның 
ішінде: 

Су жинау алаңшаларына және ауыз су немесе өндірістік сумен жабдықтау үшін 
пайдаланатын жерасты сулар жатқан жерлерде өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың 
жиналуын болдырмау; 

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, әсіресе мұнай, 
газды немесе өзге заттар мен материалдарды жерасты сақтау, зиянды заттар мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет