Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет37/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар Қазақстан Республикасы зандарынан заңдық 
күші жағынан жоғары. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағында 
«Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика зандарынан басымдығы болады және 
халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа 
реттерде, тікелей қолданылады» делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-
тармагы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да 
табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ занда белгіленген негіздерде, 
шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 31 -бабы 1 -тармағы: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына 
қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп кояды». Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 38-бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және 
табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер 
төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес 
жауапкершілікке әкеп соғады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан 
Климаттың өзгеруі жөніндегі Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол 
қойылған БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті 
Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік 
конвенциясына қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. 
«Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы» 
1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға 
қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы заңы бойынша Қазақстан «ОҚБ 
заттар туралы» Монреаль хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан «Қауіпті 
қалдық-тарды трансшекералық тасымалдауды бақылау туралы» Базель конвенциясына қосылды. 
1991-2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы әр түрлі 
халықаралық нормативтік құқықтық актілерге қол қойды. Бұл аталған халықаралық құкықтық 
нормалардың барлығы Қазақстан Республикасы зандарынан заң жағынан күші жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет