Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет42/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, 
көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер 
қойнауының бөлiктерi. 
Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік құқықтық 
механизм жолдары. Суды пайдалану құқығы және оның түрлері. Суды мемлекеттік 
басқару мен оны пайдалануды және қорғауды бақылау. Су кадастры және су 
шаруашылық баланстары. 
Су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) 
коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану. 
Су пайдалану құқығы – су объектілерін пайдаланудың жағдайлары мен тәртібін, суды 
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың 
жиынтығы. 
Су пайдалану құқығының субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. 
Объектісі – су объектілері немесе олардың бір бөлігі болады.
Су заңдары суды пайдалану құқығын бірнеше түрге жіктейді.
Су пайдалану ортақ (жалпы), арнайы, оқшау, бiрлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты 
және уақытша болып бөлiнедi. 
Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі 
шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау 
саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. 
Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі 
құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін 
пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін 
мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін 
шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап 
етілмейді. 
Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға 
берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды. 
Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке 
және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. 
Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен 
айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су 
пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады. 
Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу 
үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың 
су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады. 
Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу 
пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады. 
Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi. 
Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады. 
Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан 
қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн. 
Ортақ (жалпы) су пайдалану тұрақты болып табылады. 
Суды пайдалану құқығының мазмұны, пайда болу және тоқтатылу негіздері 
Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері ҚР Су кодексінің 71-72-баптарында 
бекітілген. Су пайдаланушылардың: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет