Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң
бұзылуы туралы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық
атқарушы органының аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су
объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес Қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық pұқсaт алуға;
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған
ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.
Су пайдалану құқығының пайда болу негіздері болып заңды фактілер табылады. Су заңдары бойынша оларға жатады: арнайы су пайдалануға рұқсат алу;
су объектілерін пайдалану жөніндегі шарттар.
Су заңдары бойынша арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне:
тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сарқынды сулардың жер бетiндегi су
объектiлерiне ағызылуына;
тәулiгiне елуден екi мыңға дейiн текше метр су алу лимиттерiмен жер қойнауынан
шаруашылық-ауыз су және өндiрiстік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат
берiледi.
Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен:
су ресурстары нысаналы мақсатында пайдаланылмаған;
ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждар үшiн пайдалану қажеттiгi туындаған;
су пайдаланушы Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген шарттар мен
талаптарды сақтамаған;
су ресурстарын пайдалануға тыйым салу үшiн негiздер туындаған жағдайларда арнайы су
пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу арқылы тоқтатылады. Суды құқықтық қорғау Су объектiлерiн қорғау- су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы
молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет.
Су қорын қорғау саласында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік
жоспарлау; су объектілерінің экологиялық мониторингі, мемлекеттік су кадастрын
жүргізу шараларының маңызы зор.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi:
халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын
ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде
бөлудi қамтамасыз ету;
сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып
табылады.