Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының
аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу
болып табылады.
Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу деректерi жер үстi және жер асты
су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен
денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен
пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
Мемлекеттiк су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың
су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер
жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттiк бақылау - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың
себептерi мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған
құқықтарын қалпына келтiру, нормативтiк құқықтық актiлердi дәл және бiркелкi қолдану
және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң
мiндеттi талаптарын орындау кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қабылдайтын
шаралар жүйесi.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi: -шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;
-су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мынадай түрлерге бөлiнедi: -су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiнiң, олардың жұмысының
белгiленген режимiнiң сақталуын бақылау;
-су пайдаланушылар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының су
заңнамасын, трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды регламенттейтiн
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды сақтауын инспекторлық
тексеру.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды арнайы су пайдалану
құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi. Су объектiлерiнiң
жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және қайта
жаңғыртуға, пайдалануға, консервациялауға және таратуға арналған жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк сараптама оның сәулет, қала құрылысы және
құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бастапқы
деректерге, нормативтiк құжаттардың техникалық шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн
тексеру мақсатымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар су заңдары суды қорғау бойынша арнайы талаптар мен тиым салуларды
қарастырады. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
Өзен бассейндерi бойынша су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар мен су
объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi негiзiнде белгiленедi
және оларды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал жер асты сулары бойынша
- жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша
бекiтедi.