Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
-парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну
көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн белгілейді.
Ал осы заңның 17-бабында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық атқарушы органдарының құзіреті көрсетілген:
-климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге
асырады;
-қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi бағдарламаларын әзiрлейдi;
-мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
Парниктiк газдардың мемлекеттiк кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды
тұтынудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады;
-парниктiк газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шектi
нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн;
-парниктiк газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу
тәртiбiн жүзеге асырады
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтері және
атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудің жол берілетін шекті нормативтері,
оларды анықтау әдістері және өздері үшін белгіленген көздердің түрлері Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
Aтмосфералық ауаны қорға туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
Атмосфералық ауаны пайдалану барысында құқық бұзушылықтар орын алған
жағдайларында Қазақстан Республикасының заңдарымен жауапкершілік көзделген.
Экологиялық құқықтың теориясында атмосфералық ауаны ластағаны үшін тәртіптік,
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыстық жауапкершілікке: табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды,
құрылыстарды және өзге де объектілерлі жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту,
пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергеитка, көлік пен байланыс
объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану,
қалалар мен бақа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне,
әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін
жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның
денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып
кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың объектісі – шаруашылық немесе басқа да қызметтердегі әрекеттерді жүзеге
асырудағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қарым-қатынастары.
Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу
және жаңғырту, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер бұлжымай орындалуы тиіс. Құрылыс
жұмыстарын атқару кезінде жерді қалпына келтіру, табиғи ресурстарды молықтыру мен
ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі
шаралар қолданылуға тиіс.
Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы,
сәйкес ережелерді адамның орындамауы немесе сол ережелерге тиіссіз қараумен
сипатталады. Бірақ, қандай да болмасын жағдайда Қылмыстыќ кодекстіњ 277-бабы
бойынша жауаптылықтың міндетті белгісі болып анықталған зардаптың тусуі танылады:
қоршаған ортаның едәуір ластануы; адамның денсаулығына зиян келтірілуі; жануарлар
немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп
соқтыруы.