Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық
заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі,
сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өндірістердің және өзге де
зиянды физикалық ықпалдардың әсері.
Ауыр зардаптардың қоршаған ортаға тигізілуі нақты мән-жайларға байланысты
анықталуы тиіс. Зардаптарға баға беруде, ластанған заттардың, жер көлеміне байланысты
олардың таралуы, қоршаған ортаға немесе адамның денсаулығына қауіптілігінің сандық
немесе сапалық сипаттамасы жатады. Денсаулыққа зиян кетіру қатарына денсаулыққа
орташа ауырлықтағы зиян келтіру немесе жеңіл зиян келтіруді енгізеді. Денсаулыққа
ауыр зиян келтіруде, ҚР ҚК 103 және 277-баптары жиынтығымен дәрежеленуі қажет.
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің құрып кетуі –олардың өсімі және ерекше
маңыздылығына қарай, сонымен қатар жойылып кетуі санымен анықталады. Өзге де ауыр
зардаптар – экоцидтің қаупін төндіретін; эпидемиялық; оқыс–залал; қоршаған ортаның
бұзылуынан тірі организмдерге, соның ішінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін
жердің деградациясы немесе өзге де экологиялық қауіпсіздікті елеулі мөлшерде бұзатын
қандай да болмасын зардаптар. Экологиялық талаптардың бұзылуы және қоғамға қауіпті
әрекеттердің түсуі арасындағы себептік байланыстың орын алуы қажет. Қылмыстың
субъективтік жағы – зиянды зардаптардың түсуіне байланысты қасақана немесе
абайсыздықта болуы мүмкін (олардың анықтамасы ҚК 20 және 21–бабында сипатталған).
Қылмыстың субъектісі–16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Диспозицияның
мазмұны бойынша (аталған бап бойынша) қандай да болмасын адам емес, яғни
шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың қауіптілігін,
талаптарын сақтауға жауапты болып танылатын адамдар, арнайы субъектілері бола алады.
Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды
өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде
экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе
қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе – екі жүзден бес жүз айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі
кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға
дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына
зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп
соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Атмосфераның ластануының қоғамдық қауіптілігі сол, яғни атмосфераға зардаптың
келтірілуі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Атмосфераның
ластануы, табиғи қоршаған ортаға үлкен табиғи апаттар әкелуіне икемін тигізе алады,
сонымен қатар адамның келешектік өміріне тиесілі түрде зиянды жағынан көрінуі
мүмкін.Аталған қылмыстың обьектісі болып, адам өміріне қажетті табиғи ортаның
ластануынан сақтаудағы аса маңызды болып табылатын атмосфералық ауаның
қауіпсіздігін сақтаудағы қоғамдық қатынастары табылады.
Аталған ережелердің бұзылғандығы үшін қылмыстық жауаптылық, егер бұл әрекеттер
ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соқтырса пайда
болады. Ауаның табиғи қасиеттерінің ластануы болып, өндіріс орындарының
қалдықтарды (газ, шаң-тозаң, т.б.) , жол беруге болатын шекті мөлшерден, нормативті
белгілерінен асып кетуі, ережелерін бұзу табылады; өзге де өзгеруі – ауаның қалыпты
құрамының, химиялық қасиеттерінің өзгеруі т.б. Қылмыс аяқталған болып, ауаның
ластануы немесе оның табиғи қасиеттерінің өзгеруі сәтінен саналады.