Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктер мен құрамында
есiрткi заттар бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады. Жеке тұлғалар
өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге,
орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс
ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк
шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен
жинауға мiндеттi.
Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды
жүзеге асырған кездегi құқықтары мен міндеттері ҚР Орман кодексінің 37; 38-баптарымен
реттеледі.
Орманды құқықтық қорғау Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи
сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық
әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы.
Ормнды қорғау қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның жергілікті жерлердегі аумақтық
органдарымен жүзеге асырылады.
Орманды қорғау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық
шараларға: орманды мемлекеттік есепке алу және кадастр жүргізу; орман иониторингін
жүргізу; мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру; орманның жай-күйін,
пайдаланылуын, қорғау мен қалпына келтірілуін бақылау жатқызылады.
Ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз
кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға
қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру
және
орман
пайдалану
мәселелерiмен
айналысатын
орман
мекемелерiнiң
қызметкерлерiнен тұрады.
Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi: -ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөнiндегi іс-шараларды
жүргiзу;
-мемлекеттiк орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан
ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi
ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;
-орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының
орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры
жерлерiн күзету;
-орман пайдаланушылардың сүрiктi түбiрiмен босату ережелерiн және орман
пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;
-орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-
көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;
-биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;
-мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды
қамтамасыз ету;
-мемлекеттiк орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын,
ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық
талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман
шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман