Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет54/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
-Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық 
талаптар;
-Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық 
талаптар; 
-Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар; 
Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар қандай? 
Атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық механизмі 
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұнын келесі шаралардың кешенін 
құрайды: есепке алу және бақылау, нормативтер белгілеу, атмосфералық ауға зиянды әсер 
ететін қайнар көздердің экологиялық талаптарды орындауын қамтамасыз ету, сондай-ақ 
атмосфералық ауаны қорғаудың нормалары мен ережелерін ескере отырып өндірістік 
аймақтарды, тұрғындар аумағын орналастыруды ұйымдастыру. 
Атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік есепке алу және бақылау. Есепке 
атмосфераға зиянды әсерлердің түрлері мен саны (мөлшері), сондай әсер ететін объектілер 
алынады (Экологиялық кодекстің 316-бабы).
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын және олардың 
көздерінің есебін жүргізу атмосфералық ауаға зиянды заттардың шекті рұқсат етілген 
шығарындылары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезегі болып табылады. 
Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының әсер ету дәрежесін бағалау, 
рұқсат етілген шығарындылардың нормативтерін белгілеу, олардың сандық 
сипаттамаларын айқындау үшін, қаралып жатқан объект үшін мемлекеттік есепке 
алынуына және нормалануына тиіс зиянды (ластаушы) заттардың тізбесін айқындау 
мақсатында қоршаған ортаға эмиссиялардың есебі жүргізіледі. 
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу 
жөнінде әдістемелік басшылықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық 
атқарушы органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады. 
Атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының 
атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдардың талаптарының сақталуына 
бағытталған. Мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық 
атқарушы органы, оның аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдары 
жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде орталық атқарушы орган 
және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдармен, 
сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетімен және жол 
полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Тексеру барысында мыналар:
-атмосфералық ауаға зиянды (ласатйтын) заттар тастандыларына және оған зиянды 
физикалық әсер етуге берілген құжаттарда белгіленген шарттардың сақталуы; 
-атмосфералық ауаны қорғау стандарттарының, нормативтерінің, ережелерінің, өндірістік 
бақылауды жүргізу құжаттамасының сақталуы; 
-атмосфералық ауаға зиянды (лсатайтын) заттар тастандыларының және зиянды 
физикалық әсер етуге қтұрақты көздері бар объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары 
режимінің сақталуы; 
-мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын сақтау анықталады. 
Атмосфералық ауаны қорғау бойынша нормативтерді анықтау. Атмосфералық ауаның 
жағдайын бағалау үшін оның сапалық стандарттары бекітілген – атмосфералық ауадағы 
зиянды заттардың шоғырлануының мүмкіндік шегінің нормативтері және атмосфераға 
зиянды физикалық әсерінің деңгейінің мүмкіндік шегінің нормативтері (Экологиялық 
кодекстің 25-бабы) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет