Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет62/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы 
заңнамасында белгiленген тәртiппен орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек 
дайындау жөнiндегi қызмет жұмыстар лицензиялануға жатады. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер 
нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды. 
Оның тәртібі «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді 
орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 13.01.2004 ж. №32 қаулысымен анықталады. Мемлекеттiк орман 
қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты 
мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман 
пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман 
пайдалануға берiледi. 
Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры 
учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, 
туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып 
табылады. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман 
билетiнiң негiзiнде туындайды. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман 
пайдалануға мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға 
дейiнгi мерзiмге берiледi. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде 
орман пайдаланудың: 
-жанама орман пайдалану; 
-мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану; 
-мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және 
спорттық мақсаттары үшiн пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады. 
Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану 
құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа 
адамға ауысады. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған 
тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 
тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға 
ауысады. 
Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында 
орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және 
облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандар болған 
жағдайда, ал орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге 
асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн. 
Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу 
билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы: 
орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан 
Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптарын бұзған; 
орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, 
орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет