Басылым: жетінші


Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы



Pdf көрінісі
бет63/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы: 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
-мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман 
ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк 
сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған; 
-орман 
зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, 
авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ 
орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектелуi мүмкiн. 
Орман пайдалану құқығы: 
-мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында 
көрсетілген көлемде жүзеге асыруға; 
-өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға; 
-Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану 
мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын 
жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға 
байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға; 
-мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры 
жерiн мемлекет қажеттіктері үшiн алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем 
алуға құқығы бар. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы
-орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан; 
-орман пайдалану мерзiмi өткен; 
-орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 
-орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген ережелерiн немесе ұзақ мерзiмдi 
орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды 
үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған; 
-мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн 
өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар 
басталғанда; 
-орман пайдалану төлемақысын енгiзудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (екi және одан да 
көп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген мерзiмнен кейiнгi 
үш ай iшiнде енгiзбеген; 
-мемлекеттiк орман қоры жерi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған, мемлекеттiк 
орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi 
белгiленген жағдайларда тоқтатылады. 
Жеке тұлғалардың рұқсаттама құжаттарынсыз демалысын өткiзу, мәдени-сауықтыру, 
рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, 
жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман 
ресурстарын өз қажетi үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн 
болуға құқығы бар. 
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағынан жабайы өскен жемiстердi, 
жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты, өзге де орман ресурстарын 
жинауына өз қажетi үшiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық 
өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi. 
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен 
жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де 
орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың 
денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және 
аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн. 
Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет