Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн
қамтиды.
Мемлекеттiк орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары
жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен
мемлекеттiк орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығын
ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi
әзiрленедi.
Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман
өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне
жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және
заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген
кезде пайдаланылады
Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер
арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын
санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман
шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi
басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару,
оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман
қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген
алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн алып қою, орман
пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман
иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды
молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әралуандығы мен
экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман
қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы заң бұзушылықтар үшін келесідей заңды жауапкершіліктердің түрлерін
туындатады: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық (материалдық) және тәртіптік.
ҚР орман кодексі 113-бапта орман заң бұзушылықтарының тізімін бекітеді. Олар:
орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе
бүлдiру;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше
иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман
пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер
өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды
заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не
отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған
алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi
жою немесе зақымдау;