Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет78/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Экологиялық менеджмент түсінігі. 
2. 
Табиғатты пайдалануды басқару дегейлері.
3. 
Экологиялық басқарудың әдістері.
4. 
Өнеркәсіп мекемелеріндегі табиғат қорғау қызметін басқару және ондағы 
экологиялық бөлімдер.
 
Қолданылатын әдебиеттер 
1. Байделдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. - Алматы, 
2005. 
2. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - Москва, Новый юрист, 1998.
3. Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003. 
4. Ә.Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы: "Жеті 
жарғы", 1995. 
5. Нургалиева З.Ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. EKMMN 4307 Экологиялык 
құқық, менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша Астан, Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕНУ. 2014.-206 б
 
Дәріс №13. 
 Тақырыбы: 
Экологиялық маркетинг туралы түсінік. Экологиялық 
маркетинг саласындағы әрекеттердің негізгі түрлері.


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Дәрістің мақсаты: Экологиялық маркетинг туралы түсінік. Экологиялық 
маркетинг саласындағы әрекеттердің негізгі түрлері мен танысу.
Дәрістің жоспары:
1. Экологиялық маркетинг туралы түсінік.
2. Экологиялық маркетинг саласындағы әрекеттердің негізгі түрлері.
3. Табиғатты пайдалануды басқаруын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері. 
4. 
Ландшафтың 
литогендік, 
гидроклиматогендік, 
жер-топырақтық 
және 
биотикалық орталары саласындағы экологиялық маркетингінің
Негізгі түсініктер: экологиялық сана, эколгиялық сараптама, экологиялық заң, 
табиғатты қорғау жөніндегі қоғамдық бақылаулар. 
Ағылшын тілінен аударғанда “marketing” сөзі нарықты, нарық саласындағы 
қызметті білдіреді. ХХ ғ. бірінші он жылдығында маркетинг осындай мағынада дамыған. 
Одан әрі маркетинг сөзімен сауда-коммерциялық қызметтің жиынтығын, соның ішінде 
нарықты жоспарлау, тауар жиынын, бағалық саясатты, жарнама мен өткізуді 
ынталандыруды зерттеу, сатуға дейінгі және одан кейінгі қызмет көрсетудің тауар 
қозғалысын ұйымдастыруды түсіне бастады. Дайындаушы мен тұтынушыны 
байланыстыру, оларды бір-бірін табуға көмектесу - кез келген маркетингтік қызметтің 
негізгі мақсаты. 
1. Маркетинг – іскерлік операцияларды (“ойлау үлгісі”) жүргізу кәсіпкерлігінің өз 
үлгілі “философиясы”, басқарушылық концепциясы секілді. Бұл тәсіл келесі қағидаларға 
сүйенеді: нарықты және оның элементтерін түсінудегі жүйелендіру; сатып алушының 
мүдделерінің артықшылығы; нарық талаптарына ыңғайлы бейімделу мен оған белсенді 
әсер ету және т.б. 
Маркетинг - әрекеттер сипаты, яғни нарықта табысқа жетуге бағытталған 
тәжірибелік тәсілдер мен шаралар жүйесі секілді. 
Сонымен қатар, маркетинг адамзат білімдері саласы, зерттеулердің ерекше пәнімен 
ғылым, оқу пәні, шаруашылық қызметі саласы, кәсіпорынның ерекше функциясы ретінде 
қарастырылуы мүмкін.
Маркетингтің түсінігі маркетингтік қызметтің дамуы процесінде өзгерді. Әдетте ол 
нарықты зерттеу және сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу, жаңа тауарларды 
дайындау және фирманың жиынтық саясатын қалыптастыру, бағалық саясатты дайындау, 
өткізу жүйесін ұйымдастыру және тауарларды бөлу, маркетингтік коммуникациялар 
жүйесін қалыптастыру, маркетингті басқару секілді функцияларда жүзеге асырылады.
Маркетинг теориясы АҚШ-та ХІХ ғасырдың екінші жартысында, экономикалық 
дағдарыстар “қайта өндірістің созылмалы мәселесі” туралы және сол кезде болған 
тауарлар мен қызметтердің айналым жүйесінің өнімді өткізуді ұйымдастыру бойынша 
өсіп кеткен сауалдарға сәйкес келмеуі туралы айтуға мәжбүрледі. 
Еуропаға маркетинг ХХғ. 50-ші жылдары, батысеуропалық кәсіпкерлер Екінші 
дүниежүзілік соғыстың зардаптарынан айығып, өткізу нарықтарының қайта жасалуы үшін 
күрестің жаңа сатысын бастаған кезде келді. Бұл кезеңде маркетинг көбінесе айналыс 
аясына ғана тарады. Ол ең алдымен өткізу мәселелерін шешуге, яғни бөлу арналарын 
таңдауға, нарықтық сатуды ынталандыруға көзделген болатын. Бұндай жағдай шамамен 
60-шы жылдардың ортасына дейін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет