Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет90/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Нарықтық экологиялық қызметті түсіндір.
2. 
Экологиялық тауарларға сипаттама.
3. 
Экологиялық тауарлардың таралуын жылжытудың ерекшеліктері.
4. 
Ландшафт – экологиялық бизнес нысанына сипаттама.
Қолданылатын әдебиеттер 
1. Байделдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. - Алматы
2005. 
2. Котлер Ф., Армстронг Г. Основы маркетинга. М.: Вильямс, 2009 
3. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - Москва, Новый юрист, 1998.
4. Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003. 
5. Ә.Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы: "Жеті 
жарғы", 1995. 
6. Нургалиева З.Ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. EKMMN 4307 Экологиялык 
құқық, менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша Астан, Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕНУ. 2014.-206 б
Дәріс №15. 
Тақырыбы: Экологиялық тауарлар саласындағы халықаралық стандарттар 
жүйесі.  
Экологиялық белгі тағу. 
Дәрістің мақсаты: Экологиялық тауарлар саласындағы халықаралық стандарттар 
жүйесі. Экологиялық белгі тағумен танысу. 
Негізгі түсініктер: экологиялық сана, эколгиялық сараптама, экологиялық заң, 
табиғатты қорғау жөніндегі қоғамдық бақылаулар. 
Негізгі сұрақтар:
1. 
Экологиялық тауарлар саласындағы халықаралық стандарттар жүйесі. 
2. 
Қоршаған ортаны қорғау саласында ISO 14000 сериялы стандарттар. 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Экологиялық стандарт — табиғи объектілердің заңдық мәні бар сандық немесе 
сапалық көрсеткіші. Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттің құқықтық реттеуінің бір 
құралы; жекелеген табиғи ресурстарды пайдаланудың құқықтың режімін, табиғи 
ресурстарды тікелей 
пайдаланбайтын 
салалардағы 
қызметтің 
экологиялық 
ережесін Экологиялық стандартқа сәйкестендіре белгілейді.
Экологиялық стандартта құқықтық актілердің барлық белгілері болады және 
қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жөніндегі заңнамалық шараларды белгілеуде 
екінші кезең болып құқық жүйесіне кіреді (бірінші кезеңде қоршаған ортаның сапалық 
параметрлері заңы қатталады).
Халықаралық стандарт халықаралық ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы 
негізгі талаптарды, нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік-техникалық құжат 
болып табылады. Жалпы техникалық талаптар, техникалық шарттар, қабылдау ережелері, 
типтік технологиялық процестер, тексеру әдістері мен жабдықтары стандарттары, тағы 
басқа болып бөлінеді. 
Республикада соңғы жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін 
енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 
Танымал халықаралық компаниялардың практикасы мен зерттеулері негізінде 
жасалынған қазіргі менеджмент жүйесі қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге 
қабілеттілігіне әсер ететін нарықты реттеу механимдері сұрақтарын кешенді түрде 
шешуге мүмкіндік береді. 
Халықаралық стандарт кәсіпорынның қызмет ету кезінде қоршаған ортаға әсерін 
басқару талаптарын ұсынады.
ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған сапаны басқару 
жүйесі сапалы өнімді (қызмет) алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын тұрақты сақтау 
және қанағаттандыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Тұлғаның денсаулығын 
сақтау кезінде сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін OHSAS 18000 халықаралық 
стандарттарына сай кәсіби қауіпсіздік менеджмент жүйесі қолданылады.
Компанияның қоршаған ортаны кері әсерлерден жүйелі және мақсатты қорғау 
шарттары негізінде ISO 14000 стандарттарына сай экологиялық менеджмент жүйесі 
мүмкіндік береді.
Қоршаған орта және тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік Форум (Рио-де-
Жанейро, 1992) нәтижесінде ИСО-14000 сериялы стандарттары пайда болды. Оларды 
Халықаралық стандарттау ұйымының (150) Техникалық комитет 207 (ТК 207) жасаған. 
Стандарт моделі ретінде 500-ден астам компанияда қолдану үшін қабылданған және 1992 
жылы жарияланған BS 7750 британдық стандарты қолданылды. ИСО-14000 сериялы 
стандарттарын жасау
кезінде өнім сапасын бақылау жүйесі бойынша стандарттар моделі ретінде өзін 
көрсете білген ИСО 9000 тәжірибелері қолданылған. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 
70000-нан астам кәсіпорындар мен компаниялар ИСО 9000 стандарты бойынша 
сертификатталған. ИСО-14000 сериясының алғашқы стандарттары 1996 жылдың соңында 
ресми қабылданып жарияланды.
Қазақстанда бүгінгі экономикалық жағдай Отандық кәсіпорындар қызметімен 
анықталады. Ал анықтаушы болып бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік және оны арттыру, 
нарықтық саралау, сұраныс мәселелері мен өнімдерді жасау, пайда нормасы табылады. 
Бұл стандарт қоршаған ортаны басқарудың мұндай жүйесіне қойылатын талаптарды 
қарастырады. Ол кез келген типтегі және түрлі географиялық, мәдени және әлеуметтік 
жағдаймен есептелген мөлшердегі ұйымдарға қолдану үшін жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет